• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 14:13:41
Алматы
+35°

Жамбыл облысында «Рухани жаңғыру» және «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламалары нәтижесінде бірқатар туристік нысандарды, қызмет көрсету орындарын, көрікті орындарды қамтитын «Taraz Tour» мобильді қосымшасы іске қосылды. Аталған қосымша арқылы туристер аймақтағы негізгі туристік орындар жайында толық мағұлмат ала алады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

«Taraz Tour» қосымшасын пайдаланушыға бес тілдегі аудио және мәтіндік ақпараттар қол жетімді болмақ. Қазіргі таңда облыстағы 33 ірі туристік нысанға QR кодтары орнатылған. Дәл осы мобильді қосымшаны жасап шыққан «MMM Solutions» жеке кәсіпкерлігінің жоба менеджері Қымбат Қожамбетова туристерге өздері бет түзеген орындарды кедергісіз оңай табу, оңтайлы қонақ үйлер мен тамақтану орындарынға баруда көмек көрсетумен бірге бірнеше қызметтер атқаратынын алға тартады.

– Мобильді қосымшаны туристермен бірге туристік фирмалар, қонақ-үйлер мен мейрамхана және де емдеу сауықтыру орталықтары өз кәдесіне жарата алады. Әсіресе қызмет көрсетуші мекемелер бұл қосымшаны жарнама жасау құралы ретінде пайдалану мүмкіндігіне ие. Тек әкімшілікке өздерінің мекемесі жайында толыққанды ақпаратарды ұсыну жетіп жатыр.

«Taraz Tour» - бұл аймақтың туристік объект туралы жылдам әрі шынайы шынаы ақпарат беріп, қосымша бірнеше қызмет түрлерін ұсынуғақ абілетті мобильді қосымша. Оны телефоныңыздың маркасына қарай ғаламтордағы «play market» немесе appstore қолданбалар дүкенінен жүктеп алуға болады.

Осыдан соң туристер бұл қосымшаның тек жолбағдар ретінде ғана емес туристік нысандардағы QR-кодты оқитын бағдарлама ретінде де пайдалана алады, – дейді жоба жетекшісі.

Жалпы мобильді бағдарлама AR, VR 360, «Тұрған әсерді» беретін және виртуалды шынайылылықты жасайтын 360 градусты видеороликтер, Offline режим –интернет желісі жоқ жерлерде де қосымшамен қолдануға мүмкіндік беретін тәртіп, туристік гид сынды компоненттерден тұрады. Облыс әкімдігінің туризм басқарамасының басшысы Қарлығаш Аралбекова өңірдегі қызмет кеөрсету орындары басшыларын осынау бірегей қосымшаның мүмкіндігін туризмді дамытудың алғышарты ретінде пайдалануға шақырады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір