• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

02 Мамыр, 02:01:06
Алматы
+35°

Перуашев Божконың дау тудырған сөзіне қатысты пікір білдірді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Ақжол Демократиялық партиясының баспасөз қызметінің дерегін негізге алып. 

"Біріншіден, бұл мәселе бойынша арнайы этикалық комиссиямыз бар. Оны Қуаныш Сұлтанов басқарады. Сол комиссия қарау қажет. Екіншіден, меніңше, бұл сөз дұрыс емес. Әрине, мен ондай сөзбен келісе алмаймын", - деді Перуашев журналистерге берген сұхбатында.

Оның ойынша, этикалық комиссия қарамаса, депутат Божконы ұсынған ұйым қарауы тиіс.

"Бұл депутатты жіберген орган бар. Ол — Қазақстан халқы Ассамблеясы. Өткенде министр Дәурен Абаев бұл кісінің сөзіне түсініктеме берген болатын. Басқаша көзқараста айтты деді. Бәлкім, басқа ойы болған шығар. Бірақ кім болса да, әркім өз сөзіне жауапты болуы керек", - деп пікір білдірді Перуашев.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір