• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 16:25:51
Алматы
+35°

Бүгін Наурызбай ауданының Қарағайлы елді мекенінде заманауи фельдшерлік-амбулаториялық пункт ашылды.

Пункт «Ақ Бастау» медициналық спорт кешенінің базасында құрылды, жалпы көлемі 150 кв. м. Енді білікті дәрігерлік көмек ықшам аудандағы тіркелген 10560 адамға көрсетіледі, олардың 3021-і диспансерлік есепте тұрғандар.

Жаңа медициналық мекемеде жалпы практика дәрігерінің, дәрі-дәрмектерді егудің, сырқатты қараудың және аурудың алдын алудың кабинеттері жұмыс жасайды. Медициналық көмекті 6 дәрігер, 15 орташа медицина қызметкері көрсетеді.

Бұдан өзге, пункт аумағында құнды тұз шахтасы бар. Мұндай медпункттерді Наурызбай ауданының өзге елді мекендерінде ашу жоспарланған.

Еске салсақ, Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевпен кездескен кезде тұрғындар қолжетімді медмекемелердің жоқтығын айтып, шағымданған еді.

almaty.gov.kz

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір