• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 16:26:05
Алматы
+35°

Президент Жолдауының 4-ші міндетінде әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңін айқындады. Бүгінде Жамбыл облысының бюджеті экономиканы дамыту және әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған. Оның ең біріншісі білім беру сапасын жақсарту деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Жамбыл облысында арнайы техникалық, педагогикалық және гуманитарлық бағыттарда кәсіби бағдарланған 3 жоғары оқу орны мен 46 колледж бар. Аталған білім ордаларын бітірген жастардың барлығы жұмысқа орналаса бермейді. Осы ретте, оқуға қабылдау тек сұранысқа ие мамандықтар бойынша жүргізілетін болады.

Сұранысқа неғұрлым ие мамандықтарға балаларды бейімдеу және кәсіби диагностика жүргізу мақсатында «Едтех» (EDTECH) халықаралық білім беру орталығымен келісімге қол қойылды.

Облыс бойынша 359 орта мектептің (жалпы мектептер саны - 446) 228-інде (63,5%) кәсіптік бағдар беру кабинеттері ашылған.

Соңғы 4 жылда жаңадан 24 мектеп салынып, 6 мектепке жапсарлас ғимарат соғылып пайдалануға берілсе, оның 25-і ауыл мектептері.

2018 жылы облыста ІТ лицей-интернаты, 14 IT сыныптары ашылды. Ағымдағы жылдың соңына дейін 37 IT сыныптарын ашу жоспарлануда. Осы күнге облыстағы 174 (39%) мектеп робототехника кабинеттерімен жабдықталған. Бұл көрсеткіш жыл аяғына дейін 50%-ға, 2020 жылы 70%-ға жеткізіледі.

Қала мен ауыл мектептері арасындағы алшақтықты азайту мақсатында «Тірек» мектептер (ресурстық орталықтар) желісін кеңейту бойынша жұмыстар жүргізіп, арнайы пәндер бойынша оқушыларға онлайн-оқыту жүйесі бойынша сабақ оқытылмақ.

Жолдауда аталғандай, «Дипломмен ауылға» бағдарламасының аясын кеңейтіп, жұмысты жаңа деңгейде жалғастыру тапсырылды. Осыған орай, бірінші кезекте қажетті мамандықтарға басымдық беріледі.

Облыста 5 дарынды балаларға арналған білім беру ұйымдарында білім алатын 1593 оқушының 720-ы (45,2%) ауыл балалары.

Дарынды балалармен жұмыс жүргізудің 2020-2025 жылдарға арналған аймақтық картасы жасалатын болады. Көп балалы және аз қамтамасыз етілген отбасылардан шыққан дарынды балаларға арнайы жеңілдіктер қарастырылады.

«Педагог мәртебесі туралы» Заңы жобасының аясында білім саласындағы 65 467 қызметкердің жалақысын ұлғайтуға республикалық бюджеттен 30,5 млрд. теңге (2020 ж. – 7,0 млрд тг; 2021 ж. – 10,7 млрд тг; 2022 ж. – 12,8 млрд тг) бөлу жоспарланып отыр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір