• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 16:18:11
Алматы
+35°

Жанар Хамитовамен дуэт орындап, бейнебаян түсірген жақын досы Рысбек Аташ әншінің соңғы өтінішін айтты, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстан сайтының дерегін негізге алып. 

"Маған Нұржанмен кездестірші деп айтқан. Бұрынғыдай бәріміз отырсақ, сөйлессек дейтін. Сосын "Астарлы ақиқатта" берген соңғы сұқбатта Нұржанға қатысты қатты айтып қойдым. Сол үшін кешірім сұрағым келеді, соған өкініп жүрмін деді. Кездестірші деп сұраған. Кездескенше осыны жеткізші деп айтып жүретін. Соған қарағанда, жанына рухани жағынан бір тыныштық керек болған ғой", - деп еске алады Рысбек Аташ.

Аташтың айтуынша, әншінің отбасылық проблемалары болды, балаларын қатты сағынып жүрген екен.

"Жанардың отбасылық проблемалары болды. Содан көңіл-күйі дұрыс болмады. Сосын Жанар әрбір нәрсені жүрегіне жақын қабылдайтын жандардың қатарынан ғой. Кейбір нәрселерді көтере алмай қалады. Енді ажырасу оңай емес. Бала-шағасы қасында емес. Анаға ауыр ғой. Сағынамын, көргім келеді деп айтып жүретін", - дейді ол.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір