• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 11:41:56
Алматы
+35°

Бүгін Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында «Бюджетке қатысу» пилотты жобаның аралық қорытындысы шығарылды, деп жазады almaty.gov.kz сайты.

«Алматы қаласының даму орталығы» АҚ басқармасы төрағасының орынбасары Олег Сектің ақпараты бойынша, «Бюджетке қатысу» жобасына 19 тамыз бен 18 қыркүйек аралығында Алматы аудандарының аумақтарын жақсарту бойынша жалпы құны 9,2 млрд. теңге болатын 180 өтініш түскен.

Жобалы ұсыныстарды қабылдау 30 қыркүйекке дейін жалғасады. 2019-2020 жылдарға арналған «Алматы қаласының бюджетке қатысуы» пилотты жобасын әзірлеу кезінде Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің өтініштерді қабылдау мерзімін (жобалы ұсыныстарды) 15 қыркүйектен 30 қыркүйекке ұзарту, «әлеуметтік мәні бар жобаларды» енгізу және дауыс беруді қағаз арқылы да жүргізу жөніндегі ұсыныстары ескерілді.

Бүгінгі күні жобалы ұсыныстар саны бойынша Алмалы (56), Медеу (37) және Бостандық (34) аудандары көш бастауда.

«Спорт, балалар алаңдарын аула ішінде және көпшілік пайдаланатын орындарда жасау және жөндеу» категориясы бойынша алматылықтар тарапынан 47 өтініш түсті.

Қалалықтар мына мәселелер бойынша ұсыныстарын айтты, олар: Көкжиек ықшам ауданы жанынан сквер салу, Әл-Фараби даңғылының бойына дыбыс жұтатын қоршау орнату, қала көшелеріне қоқысты бөліп салатын урналар қою, ойын алаңдарын құру, дәстүрлі әрі ұлттық зияткерлік Togyzkumalak ойынының алаңын жасау және оны үйрету, метро мен сауда орындарында алюминий және пластикалық бөтелкелерді қабылдайтын фандоматтар орнату, зағиптар мен нашар көретіндер үшін транспондерлерді қолдана отырып, дауыс шығаратын жүйелерді енгізу және көптеген басқалары. Жобаға қатысты ақпаратты budget.open-almaty.kz сайтынан алуға болады.

Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі Бекнұр Қисықов барлық қала тұрғындарын аталған жобаға белсенді түрде қатысуға шақырды. «Жобаға әлеуметтік мәні бар ұсыныстарды: тегін аула клубтарын, балалар мен үлкендер үшін үйірмелерді, қалаға қосылған шет аудандардан балаларды мектепке тасуды, нашар көретіндер үшін кітапхана ұйымдастыруды, жолдар мен аулаларды жөндеуді, шамдар мен бағдаршамдар орнатуды «Бюджетке қатысу» жобасына енгізбесе де болады. Өйткені, бұл категориялар аудандар әкімдіктерінің жыл сайын атқаруға тиіс жұмыстары», – деді ол.

1-18 қазан аралығында түскен жобалық ұсыныстарды барлық аудандарда ұйымдастырылған сарапшылар комиссиялары қарайтын болады. Дауыс беру 19-29 қазан аралығында жүреді. Жобаны іске асыру үшін Алматы тұрғындарынан 10-нан астам дауыс жиналуы тиіс. Қаланың бір тұрғыны үш жобалы ұсынысқа дауыс бере алады.

«Дауыс беру аяқталған соң аудандық әкімдіктер мен Алматы қаласы әкімдігінің құрылымдық бөлімшелері жобалы ұсыныстарды қолға алады және қаланың Стратегия және бюджет басқармасына бюджеттік өтініш түсіреді, ал біз өз кезегімізде бұл жобаларды келер жылы жүзеге асыру үшін қаржы бөлеміз», – деп атап өтті Алматы қаласы Стратегия және бюджет басқармасы басшысының орынбасары Жанар Жазылтаева.

Бұрын хабарланғанындай, жобалы ұсыныстар budget.open-almaty.kz порталы арқылы қабылданады. Ол үшін өтініш қағазы (жобалы ұсыныстың атауы, сипаты және нысанның мекенжайы көрсетілуі тиіс) толтырылады, эскиз бен жобалы ұсыныс сметасын міндетті түрде бірге тіркеу қажет. Бір жобаның жалпы құны 100 млн теңгеден артпауы тиіс.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір