• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

02 Мамыр, 01:52:45
Алматы
+35°

Жамбыл ауданындда барлығы 2 389 агроқұрылым жұмыс жүргізуде, оның ішінде 3 өндірістік кооператив, 25 ауылшаруашылық кооперативі және 2 361 шаруа қожалығы бар. 2019 жылы ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы шығарылымы 9 млрд. 249,7 млн. теңгені немесе 2018 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 116,7%-ды құрады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. . Өсімдік шаруашылығы бойынша 1 млрд 987,4 млн теңгеге өнім өндірілді немесе 2018 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 125,9%-ды, мал шаруашылығында өндірілген өнім көлемі 7 млрд 251 млн теңгені немесе 114,5%-ды құраған. Аудан бойынша 2019 жылға ауыл шаруашылығы дақылдарының жоспарлы егіс көлемі 55 300 гектарды құрап отыр.

17 шілде жағдайына 2 026 га күздік бидай, 11 310 га жаздық арпа, 1 672 га дәндік жүгері, 3 151 га майлы дақылдар, 605 га қант қызылшасы, 525 га картоп, 7 660,5 га көкөніс, 740,5 га бақша және 26 714 га мал азығы себілді.

2019 жылдың 13 тамызы жағдайына масақты дәнді дақылдар толық орылды. Жалпы түсім күздік бидайдан 48 621 тоннаны (24,0 ц/га) және жаздық арпадан 23 977 тоннаны (21,7 ц/га) құрады. Сондай ақ 540 га-дан 14 580 тонна бақша жиналып, 26 600 га-дан 166 603 тонна мал азығы дайындалды.

Ауданның жалпы жер көлемі 430 954 гектарды құрайды. Оның ішінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер 244 999 гектар. Елді мекен жерлері – 28 258 гектар. Жалпы егістік жердің көлемі 64 189 гектар, оның ішінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдалануға жарамды егістік көлемі 59 163 гектар, 1 638 гектар көп жылдық екпелер, 9452 гектар шабындық, 339 315 гектар жайылымдық, 16 360 гектар бөгде жер учаскелері.

Соңғы екі жыл көлемінде 8 805,05 гектар жер мемлекеттік жер қорына алынып, 7 866,5 гектар жер конкурс арқылы қайта айналымға қосылды.

Аудан бойынша 3 ауыл шаруашылық кооперативтері жұмыс істеп тұр. Атап айтқанда, «Аса Фермер» АӨК. Бордақыланатын МІҚ саны – 20 бас, «Алтын белгі» АӨК. Сауын сиыр саны – 70 бас. Жинаған өнім көлемі – 163 тонна, «Бес-Тур» АӨК. Бордақыланатын МІҚ саны – 200 бас. Сауын сиыр саны – 240 бас. Жинаған өнім көлемі – 95 тонна.

Ағымдағы жылы жаңадан 7 ауыл шаруашылық кооперативтері құрылды. Олар, «Райымбек» АШК. Егін және мал шаруашылығы бағыты бойынша, «Береке-Бесағаш» АШК. Егін және мал шаруашылығы бағыты бойынша, «Гүлжан» АШК. Сүт өнімдері бағыты бойынша. Сауын сиыр саны – 362 бас, «Еңбек-2019» АШК. Жем-шөп өндіру бағыты бойынша, «Жанбике» АШК. Ет және сүт өнімдерін жинау бағыты бойынша. Сауын сиыр саны – 20 бас, «Малдықыз» АШК. Ет және сүт өнімдерін жинау бағыты бойынша. Сауын сиыр саны – 80 бас, «Аметкулов Шынарбек» АШК. Сүт өнімдері бойынша. Сауын сиыр саны -735 бас.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір