• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 12:02:41
Алматы
+35°

Жамбыл облысында аймақ тұрғындарына цифрландырылған ақпараттық орталықтар арқылы мемлекеттік қызмет түрлерін көрсету жұмысы жолға қойылған. Бұл бағыттағы жұмыстарды жетілдіре түсу мақсатында орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің қызметкерлерін оқыту жұмыстары жүргізілуде.

Мәселен, Жамбыл ауданындағы Айша бибі ауылдық кітапханасынан ашылған орталық үлгілі цифрландырылған ақпараттық орталық ретінде жабдықталып, осы ауылдық кітапхана базасында жаңадан ашылатын орталықтарды бірыңғай техникалық жабдықтау мәселесі бойынша аудандық кітапхана директорлары мен әдіскерлерінің қатысуымен «Цифрлы Қазақстан: қоғам және ІТ технологиялар» тақырыбында семинар өткізілген.

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы ұйымдастыруымен кітапханада «Нұр Отан» партиясының «Қазақстан кітапханалары – заманауи білім орталықтары» бастамашыл жобасы аясында білім және әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру, заманауи дизайнмен жабдықталып, белсенді жұмыс жасауға барлық мүмкіндік жасалған кітапхананың Бродкастинг, Коворкинг, цифрландырылған ақпараттық орталықтарының жұмысын түсіндіру мақсатында «Цифрлы Қазақстан: Рухани жаңғыру: кітапхананың жаңа келбеті» облыстық семинар өтті.

Сонымен қатар, Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бастамасымен Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Байзақ және Талас аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйелерінің базаларында «Цифрлы Қазақстан: цифрлы қоғам және ІТ технологиялар» аймақтық кластер өтті. Кластер бағдарламасына сәйкес ауыл кітапханашылары «Цифрлы Қазақстан: «еgov.kz порталы арқылы көрсетілетін қызмет түрлері және оларды орындау тәсілдері» тақырыбындағы халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерлерінің дәрісін тыңдап, cao-zhambyl.kz сайты арқылы ауыл тұрғындарын ақпараттандыру жұмыстары аясында тәжірибе алмасты.

Ал қыркүйекте осындай «Цифрлы Қазақстан: цифрлы қоғамдағы цифрландырылған ақпараттық орталықтар өзіне-өзі қызмет көрсету алаңдары ретінде» тақырыбындағы аймақтық кластер Т.Рысқұлов және Сарысу аудандық орталық кітапханалары базаларында халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерлері мен ауыл кітапханаларында ашылған және үстіміздегі жылы ашылатын цифрландырылған ақпараттық орталықтары кітапханашыларының қатысуымен өтті.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір