• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 12:00:13
Алматы
+35°

Ауру айтып келмейді. Түрлі оқыс жағдайға тап болып, аяқ асты ауырып қалатын кездер болады. Оның үстіне, жаңа оқу жылы басталып, күн суытып, тұмау мен жөтел де балаларды айналып өтпейді. Сол себепті бүгін қандай жағдайда дәрігерді үйге шақырта аламыз? Жалпы дәрігердің үйге келгендегі мақсат-міндеттері қандай? Дәрігер шақыртқан тұрғын қандай ережелерді жадында ұстауы тиіс? Әңгіме осы жайында өрбімек.

-«Тұрғындар өзін нашар сезінсе, бірден 03-ке қоңырау шалып, жедел-жәрдем шақыруды ойлайды», - дейді «Медициналық сақтандыру қоры» Маңғыстау филиалының бөлім басшысы Баспаева Мадина. Ал шын мәнінде жедел-жәрдем 2 жағдайда келеді, бірі шұғыл көмек, екіншісі жедел көмек. Шұғыл көмек егер науқастың өміріне қауіп төніп жатса көрсетіледі, ал жедел  көмек науқастың өміріне қауіп төнбегенімен, ауруы асқынып тұрса, яғни жедел көмек көрсетуді қажет деп тапса көрсетіледі.  Дегенмен, кей жағдайда «Жедел жәрдемге» жүгірмей-ақ, учаскелік дәрігерді үйге шақыртуға болады.

 

«Жедел жәрдемді» төмендегідей жағдайда үйге шақырған абзал:

 

  • егер адамның денсаулығына қауіп төнді деп күдіктенсеңіз;
  • есінен танған адамды көріп қалғанда;
  • егер науқастың оқыстан тыныс алуы нашарласа;
  • адам есінен танып, әлсіздікті сезінсе, қозғала алмаса;
  • науқас психикалық ауытқуды сезініп, өзіне және жанындағыларға қауіп төндірсе.
  • түрлі жарақат түрін алған кезде.
  • оқыс қан кеткенде;
  • әйелдерде толғақ қысқан кезде
  • ауру бірден асқынып кеткенде т.б.

 

            Жедел жәрдемнің негізгі мақсаты – асқынған ауруды басып, немесе ауруды уақытша жеңілдету, ауруханаға жеткізгенше шұғыл көмек көрсету, дегенмен алдағы уақытта қалай емделу қажеттігі туралы кеңес бере алмайды.

            Ал жалпы практикалық дәрігерді үйге шақыртқанда мүлде басқа көмек түрін аласыз. Шұғыл көмектен бөлек, олар сіздің диагнозыңызды анықтап, сауыққанға дейін науқасты бақылауда ұстайды. Егер қажет болса, дәрігер бірден анализ алып, ауруханаға жатқызу туралы шешім қабылдай алады. Созылмалы ауруға шалдыққан науқастың дәрігер шақыртқан уақытта барлық анализ нәтижелері мен ем-дом тарихы қолында болуы тиіс.

            Қазақстанда Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен заң бойынша, науқастар дәрігерді белгілі бір жағдайларда үйге  шақыра алады.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» Маңғыстау филиалының бас сарапшысы Жармаева Салтанат Боқайқызының айтуынша, науқас өздігінен емханаға келе алмаса немесе науқасты әкелетін адам болмаған жағдайда, өзі тіркелген емхананың көмегіне жүгінеді.

Сондай-ақ,    

  1. Науқастыңдене қызуы 38 С градустан жоғары болса.

2.Хал-жағдайдың бұзылу белгілерімен күре тамыр қан қысымының жоғарылауы

  1. Бірнеше мәрте іш өтуі.
  2. Жүріп-тұруға  кедергі келтіретін төменгі аяқ буындары мен  омыртқаның қатты ауруы;

5.Бас айналу, қатты лоқсу, құсу.

  1. Емханаға өзіндік келуге мүмкіндік бермейтін созылмалы ауру қалыптары (ісік ауруларының қауіпті ағымы, мүгедектік (I –II топ),сал ауруы, аяқ-қолдардың шала салдануы);

7.Қоршаған ортаға қауіп төндіретін, жұқпалы ауру түрлері.

  1. Тасымалдауға келмейтін науқастар, науқастың көлігі болмаған жағдайда.

            Ескерте кететін жайт, тұрғындардан келген шақыртулар емхананың жұмыс уақытында жүзеге асады.Дәрігердің міндетіне сараптамаға бағыттау қағазы немесе анықтама беру кірмейді.

            Енді дәрігерді қалай шақыртуға болады деген сұраққа жауап іздейік. Мұның 2 әдісі бар. Өзіңіз тіркелген емханаға барып, тіркеу бөліміне шақырту қалдыра аласыз немесе үйде отырып тіркеу бөліміне қоңырау шаласыз.

Қоңырау шалғанда міндетті түрде науқастың аты-жөні мен мекен-жай, ЖСН нөмірі мен ауру себебін қысқаша айту керек.

Тұрғындар дәрігердің үйге  оңай келіп-кетуіне жағдай жасағаны дұрыс. Сол себепті төмендегідей мүмкіндіктерге көңіл бөлгеі жөн:

  • Егер Сіздің үйіңіздің домофон құрылғысы сынып қалған немесе сандық котты құлып орнатылған болса, дәрігердің сіздің пәтеріңізге кедергіз кіруін қамтамасыз етіңіз. Есіктің шақыру түймесі жұмыс істеп тұрған болуы қажет.
  • Дәрігерді үйге шақыртып қойғаннан кейін, үйден кетіп қалмаңыз. Дәрігер немесе медбике үйге шақыртуларға жылжымалы кесте бойынша қызмет көрсетеді. Сіздің шақыртуылар арасынан бірінші болуыңыз міндетті емес.
  • Дәрігерді дәлізде қарсы алып, киімін қабылдап, үй аяқкиімін емес бахила ұсыну қажет.
  • Дәрігерге қол жууды ұсыныңыз және таза орамал ұсыныңыз.
  • Алдын-ала  дене қызуын өлшегішті және таза қасық дайындаңыз.Болмаса қызыл қалақ.
  • Бөлмеде жарықтың дұрыс түсуін қадағалаңыз;
  • Дәрігерге сөмкесін қоюға орындық ұсыныңыз.
  • Таза киініңіз.

            Сіздің тарапыңыздан болған  техникалық кедергілердің себебінен (поъездің есігінің жабық, домофон құрылғысының істен шығуы, есік шақырту баспасының істен шығу жағдайлары т.б)  көмек көрсету жағдайы болмаса, дәрігер немесе медбике Сіздің денсаулығыңызға жауап бермейді. Егер Сізге уақытша еңбекке жарамсыздық парағы қажет болған жағдайда Сіз дәрігерге немесе медбикеге хабарлауыңыз қажет.

           

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір