08 Қазан, 2019 Барлық аймақтар
Еліміздегі сұранысқа ие мамандықтар
Биылғы үшінші тоқсанның қорытындысы бойынша электрондық еңбек биржасындағы түйіндемелер мен бос жұмыс орны санының арақатынасы бойынша күзетшілер Қазақстандағы ең тапшы мамандардың көш басында тұр. Бұл жөнінде Еңбек ресурстарын дамыту орталығына мәлімдемесінде көрсетілген.
Орталық сарапшылары деректеріне сүйенсек, осы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша еңбек нарығында 3,3 мыңнан астам күзетші жұмыс орны бос қалған. Тапшы мамандардың үздік бестігіне тәрбиешілер (1,5 мыңнан астам бос орын), даяшылар (1,5 мың), сатушы-кассирлер (1,3 мың) және тәрбиеші көмекшілері (1,2 мың) кіреді.
Ең сұранысқа ие мамандықтардың ондығына санитарлар, жүк көлігі жүргізушілері, орта мектеп мұғалімдері, жол жұмысшылары, сатушы-кеңесшілер кірді. «Республика бойынша еңбек нарығындағы сұраныс айтарлықтай ерекшеленеді, ал күзетшілердің жалпы бос орындар санының үштен екісі 2 өңірге тиесілі екенін айта кету керек. Ол - Қостанай облысы (1050 бос жұмыс орны) және Нұр-Сұлтан қаласы (1034 бос жұмыс орны). Ал Шымкентте күзетшілер тапшы 25 мамандықтың тізіміне де енбей қалған. Еліміздің оңтүстік мегаполисінде ең сұранысқа ие мамандар – орта мектеп мұғалімдері (935 бос орын) болды» делінген хабарламада.
Естеріңізге салсақ, биылғы 6 айдың қорытындысы бойынша еңбек нарығында күзетшілердің 4,4 мыңнан астам жұмыс орнына сұраныс болған жоқ. Тапшы мамандықтардың үздік бестігіне (2.6 мыңнан астам бос жұмыс орны) тазалағыштар (2,3 мың), даяшылар (2,2 мың) және жүк тасушылар (2,1 мың) кірді.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір