• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 14:26:50
Алматы
+35°

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына алғашқы Жолдауында мән берген маңызды мәселелердің қатарында инфрақұрылымды дамыту жайы да бар. Осы орайда Президент «Алдағы үш жыл ішінде тұрғындарды таза ауыз сумен және су жеткізумен қамтамасыз етуге шамамен 250 миллиард теңге бөлінеді.

Атқарушы билік органдары «Нұрлы жол» бағдарламасын толық және сапалы іске асыруға баса мән беруі керек.

Бұл – стратегиялық жоба. Соның арқасында бүкіл көлік инфрақұрылымы жаңғыртылады.

Осы мақсатқа орай, мемлекет 2022 жылға дейін 1,2 триллион теңгеден астам инвестиция салады.

Үкімет бұған дейін де көп қаражат бөлген болатын, бірақ оның көбі құмға сіңген судай жоқ болып кетті. Ашығын айтсақ, шенеуніктердің қалтасына кетті, ал таза су, жол және басқа да инфрақұрылымның жағдайы әлі де сол күйінде.

Бұл жолы Үкімет пен Парламент Есеп комитетімен бірлесіп, бюджет қаражатын толығымен тиімді пайдалануды қамтамасыз етуі тиіс» деп атап өтті.

Қазіргі таңда Тараз қаласында бұл бағытта жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жалпы биыл құрылыс жұмыстарының көлемі 20 миллиард 9,4 миллион теңгені немесе нақты көлем индексі 103,0 пайызды құрады Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1 миллиард 321,9 миллион теңгеге артып отыр.

2019 жылы мемлекет бюджетінен жалпы сомасы 30 млрд. 707,8 млн. теңгеге 101 нысанның құрылысын жүргізу қарастырылған. Оның ішінде 22 нысанның құрылысы 2020 жылға өтпелі.

Ағымдағы жылы «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі» бағдарламасы аясында бірқатар жобалар жүзеге асырылуда.

Атап айтқанда Кирпичник, Қант зауыты және Барысхан аумағындағы алқаптарын үздіксіз ауыз сумен қамтамасыз ету үшін Саңырақ батыр көшесінен Сорокин көшесіне дейінгі Байзақ батыр көшесінің бойындағы су тарқыштың құрылысы 2020 жылы аяқталады.

Ал «Барысхан» алқабын электрмен қамтамасыз ету жобасы аяқталды.

Сонымен қатар №8,9,10,11 мөлтек аудандарын және "Көктем" алқабын үздіксіз ауыз сумен қамту үшін Ы.Дүкенұлы көшесіндегі екі су жүйесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.

Бұдан бөлек Шалғай Қарасу алқабының Молдарбеков көшесі, Молдарбеков көшесінің 2-ші бұрылысы, Центральная көшесі, Центральная көшесінің 1-ші бұрылысы су жүйелерінің құрылысы бойынша «Тараз Су» КМК-ның жарғылық капиталын ұлғайтуға 100,0 млн. теңге қарастырылып, 2020 жылы аяқтау көзделуде.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір