• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 19:25:10
Алматы
+12°

22 Қыркүйек, 2019 Барлық аймақтар

Экологиялық кодекс. Заң –  бәрімізге де ортақ

Әйтсе де, өзен-көлдерді ластайтындардың қатары азаймай тұр

Қазіргі уақытта экологиялық тепе теңдік бұзылып, жағдай барған сайын күрделеніп барады. Өндірістен шыққан түтін атмосфераны бұзуда. Әлемде де солай. Сондықтан экологиялық  жағдайды дұрыстамаса, болмайды. Ол үшін не керек? Ең алдымен жұмысқа деген жауапкершілік, сондай-ақ қатаң бақылау. Бұл орайда әрине заң аясында қызмет істеген дұрыс. Әр аймақтағы әкімшілікте экологияны бақылап отыратын арнаулы департаменттер бар. Олар құқық қорғау органдарымен, прокуратурамен  бірлесе отырып экологиялық жағдайды тұрақты түрде бақылауға алып отырады. Кейде дабыл түсіп жатса, онда тексереді, жағдайды реттейді. Шындығында бүгінгі кезде экологиялық жағдай Қазақстанда тұрақты бақылауда. Заң, заңнама бар. Сондықтан экологияның бұзылуына жол бермес үшін арнайы экологиялық департаменттер жүйелі әрі тиянақты жұмыс істеп жатыр. Бірақ әрине заңнның әлі де болса, құқықбұзушылықты болдырмас үшін бізге қатайғаны керек.

«Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат» тұжырымдамасында «Табиғатты қорғау қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында табиғи ресурстарды пайдалану және оларды қорғауды құқықтық реттеу тетіктерінің нақты аражігін ажырату керек.Табиғатты қорғау заңнамасы табиғатты тиімді пайдалануды және экологиялық нормативтерді сақтауды, экологиялық таза өндірістерді дамыту мен азаматтардың қауіпсіз жүріп-тұруын дамытуды ынталандыруға тиіс» деп атап көрсетілген.

Біздің Ата Заңымыздың 31-бабында «Мемлекет адамның өмір сүруі мен денсаулығына қолайлы айналадағы ортаны қорғауды мақсат етіп қояды. Адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін деректер мен жағдаяттарды лауазымды адамдардың жасыруы заңға сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады», -  ­делінген. Әрине, табиғатты қорғау, экологияның бұзылуына жол бермеу және оның алдын алу мемлекеттің міндеті, сондай-ақ ол жеке азаматтың да борыш, міндетіне жатады.

Қалай айтқанда , экологиялық жүйенің бұзылмауына кепілдік беретін заң бар. Бірақ мәселе мынада: Әйтсе де, өзен-көлдерді ластайтындардың қатары азаймай тұр. Мұның ішінде ірі өндіріс орындары бар. Қайтпек керек? Осыған байланысты қазіргі уақытта Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі тарапынан арнайы заң қабылданайын деп жатыр. Ол Экологиялық кодекс деп аталады. Ал АтаЗаңның 38-бабында Қазақстан азаматтарының табиғ табиғат байлықтарын сақтап,  ұқыпты қарау міндеттілігі де көрсетілген. Қандай да бір жекелеген азаматтар немесе заңды тұлғалар экологиялық құқықты бұзса, онда сөзсіз жауапкершілікке тартылады. Айыптың түрі де әртүрлі, оны сот шешеді. Олар әкімшілік, азаматтық-құқықтық және қылмыстық жауапкершілікке болып келеді.  Материалдық жағынан айып төлеп, шығынды орнына келтіретіндер де бар. Бірақ қалай айтқанда да, экологиялық құқықбұзушылықтар кездесіп жатады. Сол үшін Экологиялық кодекс заңы қабылданайын деп жатыр. Әзірге заң жобасы халықтың талқылауына ұсынылды.

Әншейінде экологиялық талаптар бұзылып жатыр дейміз. Сондықтан бұл жерде де біздің белсенділігіміз керек. Осы қыркүйек айында  Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің құрамындағы бірнеше топ еліміздің бірқатар облысында болып қайтты. Ондағы  мақсат­ – халықтың, эколог сарапшылардың алдында аталған заң жобасын талқылау. Өйткені осы жылдың аяғына таман Экологиялық кодекске енгізілетін ұсыныстардың бас-аяғы құралып, жинақталғаннан кейін парламенттің қарауына жіберіледі.

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев те халықты аталған заң жобасын кеңінен талқылауға шақырды. Сондықтан бұл жерде азаматтардың экологиялық тұрғыдан құқықтық  сауаттылығы мен белсенділігі керек. Табиғатқа, экологияға өзіміз жанашыр болмасақ, болмайды.

Ал жаңа Экологиялық көдексте қандай жаңалықтар бар?

  1. Броконьерлікпен күресті күшейту. Расы керек, соңғы жылдары киік атқанмен қоймай, қорықшыларды өлтіріп жауыздық іске барған қылмыстық оқиғалар жиі кездесті. Сондықтан кодексте броконьерлікке қарсы күресті күшейтуге басты назар аударылды.
  2. Қалың ну орманды отап, ағаштарды кесіп, құрылыс жұмыстарына пайдаланатындар да аз емес. Оларға да енді аяушылық болмайды.
  3. Экологиялық кодексте жаңадан «ластаушы төлейді» деген ұғымды енгізу басты мәселе болып тұр. Өйткені республикамыздың бірнеше облыстарында өндірістік қалдықтардың суға төгілуінен бірнеше мыңдаған балық қырылды. Ондайлар аздаған айыппұл төлеп қана құтылады. Енді «ластаушы төлейді» ұғымына сәйкес, жауапкершілікке тартылған мекеме барлық залал мен шығынды өзі өтейді. Сонымен қатар, оны болдырмаудың алдын алады. Зиянын жоюға көмектеседі. Енді жаңа кодекске сәйкес,  оларды ешкім басынан сипамайды. Тек қатаң жаза күтіп тұр.
  4. Қазақстанның жаңадан қабылдайтын Экологиялық кодексін Еуропа экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына (ЭЫДҰ) мүше елдердің халықаралық келісімдеріне сәйкестендіру де басты міндет;
  5. Аталған заңды халықаралық стандарттарға сай ете отырып, дамыған 30 елдің қатарына ену – біздің басты мақсатымыз..

Ақиқатын айтқанда, экология деген ұғым нені білдереді? Ол – үлкен ғылым, табиғатқа қамқорлық, жанашырлық. Экология грек тілінен аударғанда мекен, үй және ғылым деген мағынаны білдереді. Демек, ол – ауламыз, біздің ортақ үйіміз, туған жеріміз бен Отанымыз және бізді айнала қоршаған орта. Ал қоршаған ортаға зиян келіп жатса, сіздің бостан босқа қарап тұрғаныңыз ұят. Ал экология бұзылса, ол ең алдымен адамның денсаулығына әсер етеді. Ол үшін 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат» тұжырымдамасында айтылғандай, алдымен «Табиғатты қорғау заңнамасы» керек. Ол әзірге жоба күйінде талқыланып жатқан үстіміздегі жылдың желтоқсан айында парламентте қабылданатын Экологиялық кодекс заңы. Бұл экологиялық құқықбұзушылықты болдырмау үшін қажет.

Демек, заң – бақылау, реттеу тетігі. Жеке немесе заңды тұлға, өндіріс, кәсіпорын болсын, экологияға, қоршаған ортаға залал келтірсе, жауап береді. Өйткені заң алдында бәріміз бірдейміз.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір