• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
20 Қазан, 21:22:22
Назарбаев: "Нұр Отан" халықты мазалайтын мәселелерге араласпайды

09 Қазан, 2019 Аймақтар

Жылыту маусымына толықтай дайын

Жамбыл облысындағы әлеуметтік нысандар жылыту маусымына сақадай сай. Сондай-ақ қысқы маусымға жылумен қамту жүйелерінің 99,6 пайызы, көп қабатты үйлердің 99,1 пайызы дайын, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Облыс әкімдігі энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Құдайберген Қорғанбаев өңірдегі жылумен қамтушы кәсіпорындар осынау жауапты кезеңде жамбылдықтарға еш ақаусыз қызмет көрсетуге әзір екендігін айтады.

–Бүгінде облыс аумағындағы жылу беру жұмыстары 437 автономдық қазандықтар арқылы жүргізіледі. Олар арқылы 786 білім беру, 390 денсаулық сақтау, 494 мәдениет нысанына жылу беріледі. Аталмыш нысандар жылыту маусымы басталған сәттен өз қызметіне кіріседі. Сонымен бірге өңірдегі 1593 тұрғын үйдің 1579-індегі қысқы дайындық тиісті талаптың үдесінен шығады. Қалған тұрғын үйлердің жылыту маусымына дайындығы жылу берілгенге дейін қайта қалпына келтірілетін болады,– деді Құдайберген Нұрсерікұлы.

Басқарма басшысы орынбасарының мәлімдеуінше өңірде жылыту маусымына қажетті қатты отын қоры да жеткілікті көрінеді. Бұл орайда бюджеттік мекемелер мен бірге тұрғындардың көмірге деген сұранысын өтеуде басты назарға алынған.

–Жылыту маусымында бюджеттік мекемелер тұтынатын 66,4 мың тонна көмір толықтай түсіріліп, тиісті орындарына жеткізілді. Ал өңір тұрғындарының көмірге сұраныс көлемі 254,6 мың тонна болса әзірге облыс аумағына оның 58 пайызы ғана жеткізілді. Жеткізілген көмірді жылыту маусымында қатты отынға тәуелді тұтынушыларға жеткізумен 30 жекеменшік компания мен жеке кәсіпкер айналысуда. Қазіргі нарықта көмірдің 1 тоннасы 11-14 мың теңге аралығында саудалынып жатыр, –дейді басқарма басшысы.

Өңірдегі жылыту маусымына дайындық жайында сөз еткенде моно және шағын қалалардағы ахуалды айналып өтуге болмас. Сәйкесінше 2019-2020 жылыту маусымында облыс аумағындағы моно, шағын қалаларды жылумен қамтитын орталық қазандықтарды отынмен қамтамасыз ету үшін 1,1 миллиард теңге қажет етіледі. Бүгінгі таңда бұл қаржының 50 пайызы бөлініп, мақсатты игерілуде.

Жалпы облыс орталығында жылыту маусымын қазан айының 15-жұлдызынан бастап жоспарланып отыр. Тараз қаласында биыл да бірқатар көшелердегі негізгі жылу құбырлары ауыстырылды. Өз кезегінде бұл жұмыстар жылыту маусымын сапалы әрі еш ақаусыз өткізу мақсатында жасалып отыр.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір