• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 14:41:44
Алматы
+35°

15 Қазан, 2019 Саясат

Журналист Карлсон: Қазақстанда да жемқорлар көп

Журналист Такер Карлсон Трампты «Джо Байден ісі» бойынша тергеуге Қазақстанды да араластыру туралы ұсыныс білдірді, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі АҚШ ақпарат көздерінің дерегін негізге алып.   

— Украинадағыдай, Қазақстанда да жемқорлар көп. Трамп Украина мен Қытайдың Байден мен оның ұлын қарап, тексеруді байыпты түрде өтінді. Сонымен қатар Қазақстанды да тексеріп қалуы мүмкін», – деген пікір білдірді АҚШ-тағы Fox News ақпараттық каналының журналисі Такер Карлсон. 

Еске сала кетсек, АҚШ елінің президенті Дональд Трамп Қытай елінің басшысы Си Цзиньпинға Джо Байден мен оның ұлы Хантерге байланысты тергеу жұмыстарын жүргізуді өтінген. Алайда ҚХР Сыртқы істер минстрі Пекинде АҚШ-тың ішкі ісіне араласуға ешқандай ниеті жоқ екенін айтты.

«Трамп Байден мен оның ұлын «жемқор» деп атаған, алайда оған ешқандай дәлел ұсынбады», – деп мәлімдеді ҚХР Сыртқы Істер Министрі Гэн Шуан.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: АҚШ Байденов Трамп

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір