• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
07 Желтоқсан, 22:39:45
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

13 Қазан, 2019 Аймақтар

Өлкетанудың өнегесі мол

Мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасының өскелең ұрпақты өнеге жолымен тәрбиелеу бағытында тигізер ықпалы зор. Бұл тұрғыда Жамбыл обысында баянды бастамалар қолға алынып, жарқын жобалар жемісті жүзеге асуда. Әсіресе, биылғы Жастар жылында атқарылып жатқан шаралардың ауқымы үлкен.

Үстіміздегі жылы жастарды азаматтыққа тәрбиелеу, қазақстандық патриоттық сана сезімін нығайту, жастардың заңды мүдделері мен құқықтарын қорғау, жастарды елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өміріне тарту, мәдени, имандылық және рухани құндылықтардың басымдығы, азаматтық, жауапкершілік, еңбексүйгіштік, конфессияаралық келісім мен этносаралық тағаттылық, ұрпақтар сабақтастығы, отбасылық тәрбие, қолжетімді және сапалы білім беруді қамтамасыз ету, ғылыми-техникалық әлеуетті дамыту, денсаулықты сақтау және нығайту, саламатты өмір салтын қалыптастыру, жұмысқа орналасу мен жұмыспен қамту, жастар арасындағы кәсіпкерлік, құқықтық мәдениет деңгейін арттыру, сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікке тәрбиелеу, экологиялық мәдениетті қалыптастыру, волонтерлік қызмет, бос уақытты тиімді пайдалануға баулу, мейірімділік, ата-ананы құрметтеуге үйрету, қыз тәрбиесі, тағы да басқа жастар мәселелері аясында әлеуметтік роликтер түсіріліп, әлеуметтік желілерде кеңінен таратылуда.

Сонымен қатар биылғы 22-25 шілдеде жастарды облыстан шыққан танымал тұлғалардың өмір жолымен, облыстың тарихи-археологиялық орындарымен және халық ауыз әдебиетінің таңдаулы үлгілерімен таныстыру мақсатында «Әулиеата жауhарлары» атты тарихи-танымдық экспедициясы өткізілді.

Экспедицияға Жамбыл облысының мәдениет, спорт, өнер, тарих, білім, туризм, бұқаралық ақпарат құралдары және тағы да басқа сала мамандарынан құралған 11 командалық топ қатысты. Бұл топтар Байзақ, Жамбыл, Жуалы, Қордай, Меркі, Мойынқұм, Сарысу, Т.Рысқұлов, Талас, Шу аудандары мен Тараз қаласынан жасақталғанын айта кету керек.

Командалар Жамбыл облысының 50-ден кем емес ауылдары мен елді мекендерінде аттары ұмытылып бара жатқан тұлғаларының өмір жолы, осы күнге дейін белгісіз болған тарихи-археологиялық орындары, халық әндері және халық ауыз әдебиетінің тың үлгілері, яғни ертегілер, аңыз әңгімелер мен әпсаналар, қиссалар мен эпостар туралы ақпараттар жинақтады.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір