• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
14 Желтоқсан, 16:38:06
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

19 Қазан, 2019 Аймақтар

"Erlik.kz" сайтының салмағы бөлек

Тарихы терең Тараз қаласында соңғы жылдары тарихи-мәдени кешендер, скверлер, парктер ашылып, қала тұрғындары мен қонақтары бір мезгіл серуендейтін орындар бой көтеруде. Соның бірі – өткенге ой жүгіртіп, батыр бабаларымыз жайлы ұрпақ алдында өнеге айтуға мүмкіндік жасалған «Ерлік» мемориалдық кешені. Бұл тарихи кешенде Жамбыл облысынан Ұлы Отан соғысына аттанған, қайта оралған, белгісіз кеткен және Кеңес Одағының Батырлары, тағы басқа да тұлғалардың есімдері тасқа қашалып, мәңгі тарихта қалдыру көзделген болатын.

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Сара Мәдиеваның айтуынша, кешенде орналасқан колонналардағы азаматтар тізімінің барлығы дерлік облыстық, қалалық, аудандық әскери комисариаттардың әліпбилік тіркеу кітап-журналдарынан алынып жинақталған.

Бұл тізімді түгендеуді басқарма басшылығы, облыстық, қалалық, аудандық архив мекемесінің директорлары мен қызметкерлері атқарып шыққандығын да айта кеткен жөн.

Аталған игі шара әлі де жалғасын тауып, «Erlik.kz» арнайы сайты ашылды. Сайтқа облыс бойынша жинақталған 106 000 азаматтардың тізімі электронды нұсқада енгізілген. Кез-келген оқырман әлеуметтік желіде орналасқан сайтқа кіру арқылы көптеген мәліметтер ала алады.

Басты бетте Кеңес Одағының Батырлары, жамбылдық майдангерлер, отты жылдардың тарихы және галерия орналастырылған. Сонымен бірге, ұсыныс-пікірлер қалдыру мақсатында байланыс телефондар мен мекен-жайы туралы да ақпар бар. Сайт қолда бар жаңа мәліметтермен толықтырылып, жаңартылып отырады.

-Сонымен қатар қалалық, аудандық әкімдіктер жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінен қазіргі таңдағы көзі тірі ардагерлермен кездесіп, әңгіме-сұхбат, фото, видео, естеліктері жинақталды.

Жинақталған мәліметтер негізінде «Жеңіс сарбаздары» атты айдар ашылып, ардагер қариялардың естелік әңгімелері, отбасы, құжаттары, медалдары, куәліктері және басқа да мәліметтері енгізілді. Осылайша, Жеңісті жақындатқан жерлестерімізді тарихта мәңгі қалдыруға өз үлесімізді қосуды мақсат тұтып отырмыз.

Бүгінгі көзі тірі ардагерлеріміздің барлығының жасы 90-нан асқан. Жасы келсе де көштен қалмаған көшелі жандарды, әдетте, сүйегі асыл деп әспеттейміз. Махмуд есімді қария да қазірге дейін түрлі мерекелік шаралардан қалмай, омырауы орден, медалдарға толы костюмін киіп барып, жастарға өз басынан өткерген өмір сабақтарынан өнегелі әңгіме шертіп қайтады. Осындай жүріс-тұрысы ширақ, сөз саптауы орнықты қарияларымыз биылғы Жеңіс парадында да сапта жүруге қауқары барына көзіміз жетті,-дейді Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Сара Мәдиева.

Сұрапыл соғыстың небір қиын сәттерін есіне алған қариялардың естеліктерін естігенде көзіңізге еріксіз жас келеді. Расында да бұл кісілер қандай да болса құрметке әбден лайық. Осы орайда қазіргі жаһандану заманында әлеуметтік желі арқылы батыр бабаларымыздың ерліктерін паш етуге де мол мүмкіндік туып отыр.

Соғыс жылдары оқ пен оттың арасында қан кешкен майдангерлердің ерлігі ешқашан ұмытылмайды.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір