• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
13 Желтоқсан, 19:01:34
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

05 Қараша, 2019 NEWS

Колледж директоры парамен ұсталды

Жемқорлық қылмыс жасаған Солтүстік Қазақстан медициналық колледжінің директоры сотталды деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі деп хабарлайды, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Агенттіктің  мәлімдеуінше, Солтүстік Қазақстан медициналық колледжінің директоры М.Б. Ахметоваға қатысты пара берді деген күдік бойынша сотқа дейінгі тергеу аяқталды.

Ол төтенше жағдайлар департаментінің қызметкеріне тексеріс кезінде анықталған өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартпау үшін 50 мың теңге сомасында пара берген. Ал колледж фармацевті Әбдікәрімова делдал болған. 

Петропавл қалалық сотының үкімімен Ахметова пара бергені, ал Әбдікәрімова делдалдық жасағаны үшін кінәлі деп танылды.

 

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір