• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
07 Желтоқсан, 05:46:30
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

12 Қараша, 2019 NEWS

Астанада жарықтың сөнуіне байланысты қылмыстық іс қозғалды

Бұл туралы брифинг барысында ІІМ тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов мәлім етті.

Еске сала кетейік, 10 қарашада түнгі екіде "Левобережная" шағын станциясының кабель каналында өрт шығып, кабель желісінің зақымдануының салдарынан елорданың бірқатар аудандарында жарық сөніп қалған болатын. Жарықсыз қалған ғимараттар қатарында Ақорда, Министрлер үйі, Жоғарғы сот, Сенат, Мәжіліс ғимараттары, ҰҚК-нің кеңсесі, Қорғаныс министрлігі мен "Бәйтерек" монументі де бар.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодекстің 292-бабы бойынша (өрт қауіпсіздігін бұзу) сотқа дейінгі тергеу амалдарын басталды.

Ал елордалық әкімдік жарықты қосу үшін 1,5 тәулік жұмыс істеген жұмысшыларға сыйақы бермек.

Нұр-Сұлтан қаласы Отын-энергетикалық кешені және коммуналдық басқармасының басшысы Ернат Бәзілдің мәліметінше, кабельдік желілерді қалпына келтіруге 16 адамнан тұратын апаттың алдын алу бригадасы жұмылдырылған.

Ауа температурасы -18 градусқа дейін төмендеген кезде де мамандар жұмысы тоқтамаған.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір