• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
11 Желтоқсан, 22:53:56
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

13 Қараша, 2019 NEWS

Алматыда жастарға арналған пәтерлерге 1200-ден астам өтініш түсті

Алматы қаласында сатып алу құқығынсыз жалға берілетін пәтерлерге құжат қабылданған 30 қазан мен 12 қараша аралығында almaty-jastary.kz порталы арқылы 1244 өтініш келіп түсті.

Тұрғын үйлер жұмыс істеп жатқан жастарға 5 жылға жалға берілмек. Жалдамалы пәтер берудің алғашқы кезеңі яғни бірінші пулында "Көкқайнар" (Саялы-2) ықшамауданындағы 249 бір бөлмелі пәтер үлестірілмек.

Тәртіпке сай құжат қабылдау аяқталғаннан соң 5 жұмыс күні ішінде өтініштердің толықтығы мен сәйкестігі тексеріледі. Одан кейін 5 жұмыс күнінің аралығында тұрғын үйді беру туралы қаулы шығарылып, артынша бағдарламаға қатысушылар тізімі жарияланады.

Мұнан соң 15 күнтізбелік күн ішінде жалға алу шарттары жасалып, пәтірге қоныстандыру іске асырылады.

Бағдарлама қатысушылары тапсырылған өтініштің қарастырылу нәтижесін "алматы жастары" порталындағы жеке кабинеттен бақылап отыруы қажет.

Бұған дейін Алматыда жастарға арналған пәтерлерге құжаттар қабылданып жатқанын хабарлаған болатынбыз.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір