• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 19:25:40
Алматы
+12°

Үкімет 2013 жылдан бері автокөлік сатып алуға 650 миллиард теңге жұмсаған,– деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі, inbusiness.kz -ке  сілтеме жасап.

Қаржы министрлігінің мәлімдеуінше, 2016 жылы республикалық және жергілікті бюджеттен автопарк жаңартуға 97,3 млрд, 2017 жылы 160 млрд, 2018 жылы 123 млрд теңге жұмсалған.

2013 жылдан бері Үкімет бюджеттен автокөлік сатып алуға 650 миллиард теңге бөлген. Салыстырмалы түрде алғанда, ұзақ жылдардан бері жыр болған "Сарыарқа" газ құбырын (1031 шақырым) тартуға 267 миллиард теңге кеткен.

Еске салсақ, статистика бойынша Қазақстанда 98 мың мемлекеттік қызметкер бар. Оның 453-і – саяси, 285-і – "А" корпусындағы шенділер. Ал қалған 97 мың адам – "Б" корпусының қызметкерлері.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір