• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
07 Желтоқсан, 22:33:42
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

29 Қараша, 2019 Спорт

"Манчестер Юнайтедтің" бас бапкері: Жеңіс үшін бізге уақыт жетпей қалды

"Манчестер Юнайтедтің" бас бапкері Уле-Гуннар Сульшер баспасөз мәслихатында журналистердің сұрағына жауап берді, – деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

"Біз ойынды керемет бастадық. Тамаша гол соқтық. Бүгін мұндай кездесуге алғаш шыққан үш ойыншы керемет матч өткізді. Жеңіс үшін бізге уақыт жетпей қалды",  – деп Сульшер мәлімдеді.

"МЮ" бапкері жарақаттан соң Джесси Лингардтың оралғанына риза екенін жеткізді. Сондай-ақ көшбасшылық рөлді керемет атқарды деп баға берді.

Одан өзге норвегиялық бапкер Дмитрий Шомко мен астаналық қорғаушылар жоғары деңгейдегі ойын көрсеткенін атап өтті.

"Егер Эрич 17 жаста болса, оны "Манчестер Юнайтедке" шақыру туралы ойланатын едім", – деді "Астана" қақпашысының ойынына баға берген Сульшер.

Ойынның қортындысы бойынша "Астана" "Манчестер Юнайтедті" 2:1 есебімен ұтты.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір