30 Желтоқсан, 2019 NEWS
«Ұшақтың сенімді екені көрініп тұр»: Bek Air әуекомпаниясы басшысы пікір білдірді
Иә, қазақстандықтар сенімсіздік танытқан, жиырма үш жылдық тарихын қазып «әбден тозығы жетіп құлады» деген ұшақ «сенімді» болып шықты. Сенімділігі сол, ұшақтың жанармайы төгілмеген.
ktk.kz
Бұл туралы Алматы әуежайында өткен баспасөз мәслихатында компания басшысы Нұрлан Жұмасұлтанов айтты деп хабарлайды «Qamshy.kz» ақпарат агенттігі.
Нұрлан Жұмасұлтанов әуелі оқиғадан кейін компания есеңгіреп қалғандықтан, үнсіз болғандарын жеткізді. Бұдан соң ол ұшақ апатынан бұрынғы жағдайларды айта келіп:
«Бағыттан кішкене ауытқудың салдары қоршау мен ғимаратқа соқтығысуға әкелді. Бұл құрылыс қауіпті объектінің жанында қалай болуы мүмкін деген сұрақ туындайды. Ғимарат қоршауға жақын орналасқан. Президент құрылыстың заңдылығын анықтау үшін тапсырма берді. Бұрындары қатаң шектеу болатын. Егер осы кедергілер болмаған жағдайда, мүмкін адам шығынынан қашып құтылуға болар еді дегенді ойлап отырмыз. Сондай-ақ ұшақтың сенімді екені көрініп тұр. Жанармай төгіліп қалған жоқ", – деді ол.
Осылайша, компания басшысы әуе апатынан кейін қазақстандықтар сенімсіздік танытқан ұшақтың сенімді екенін «көріп» қойған. Әрі апатқа айтылған ғимараттың да «кінәлі» болғанын еске салды.
Айта кетейік, кездесуді ҚР Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігі ұйымдастырды.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір