Абайдың 175 жылдығы мен Әл-Фарабидың 1150 жылдығын атап өтуді ұйымдастыру шаралары да пысықталды.
Абай елі - Семейде мерейтойға жан-жақты дайындық жүріп жатыр. Шаһарды абаттандырып, көшелерді көркейту жұмыстарына басқа да өңірлер үлес қосуға тілек білдірген. Әзірге жалпы құны 9,5 миллиард теңге болатын бірнеше жоба мақұлданған.
Мәселен, Алматы қаласы мен Түркістан облысы жаңа мешіт маңайын абаттандыруға күш салмақ.
Ал Алматы облысы Әуезов даңғылының бойынан жаяу жүргіншілер үшін «Абай жолы» деп аталатын жобаны жүзеге асырады.
Батыс Қазақстан облысы Әуезов алаңын қайта жаңғыртады. Бұл жұмыстарға мемлекет қазынасынан бөлек кәсіпкерлер қаржысы да тартылады деп көзделген.
Пікір қалдыру
пікір