• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 15:08:31
Алматы
+35°

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның қаржы жүйесі қазақстандықтар көптеп несие алатындықтан дімкәс екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

"Басты тенденция - ел экономикасы дамуындағы банк секторының рөлі кері әсерін тигізіп жатыр, яғни, жыл сайын төмендеп жатыр. Корпоративтік секторды несиелеу 8,7 пайызға, шағын және орта бизнесті - 18 пайызға, ал ауыл шаруашылығын несиелеу - 48 пайызға төмендеген. Бұл қарқынды, дәлірек айтқанда, халықты тұтынушылық несиелеудің 24 пайызға өсуіне байланысты болып отыр. Одан бөлек, несиенің үштен екі бөлігі жеке тұлғаларға салықсыз берілген. Былтыр қиын жағдайға тап болған жарты миллионға жуық қазақстандықтың қарызы жабылды. 1,2 миллионға жуық азаматтың тұтынушылық несиелері бойынша айыппұлдары мен өсімпұлдарды есептен шығарылды. Кредитті төлей алатын адамға беру керек. Бізде жеке тұлғаларға берілетін несие 1,4 триллион теңгеге өсіп, жалпы 6,7 триллион теңге болған. Оның өзі қайтарыла ма, жоқ па белгісіз", - деді президент үкіметтің кеңейтілген отырысында. 



 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір