• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 20:39:02
Алматы
+35°

Павлодар облысы әкімінің орынбасары болып "Халық банкі" АҚ-ның төрайымы Үміт Шаяхметованың ұлы  Сәкен Шаяхметов тағайындалды. Бұл туралы  облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

29 жастағы Сәкен Шаяхметов 1990 жылы 2 мамырда Алматы қаласында дүниеге келді. АҚШ-та Техас университетін мұнай-газ ісі және экономика мамандығы бойынша бітірген. Сонымен қатар бірнеше жоғары білімі бар. 

Шаяхметов еңбек жолын 2011 жылы Атырау облысындағы "Болашақ" зауытында механик көмекші болып бастаған. 2012-2014 жылы "Caspi Meruerty Operating" компаниясында экономист болып жұмыс істеді. Кейіннен 2017 жылға дейін магистратурада білім алады. 

Әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлағандай, Сәкен Шаяхметов Президенттік жастар кадр резервінің құрамына енген. Ол инвестициялар, кәсіпкерлікті дамыту және еркін экономикалық аймақтар мәселелерін қадағалайтын болады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір