• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 13:30:52
Алматы
+35°

Әзірбайжанда коронавирус жұқтырған Ресей азаматы тіркелді. Бұл туралы Әзербайжан министрлер кабинеті жанындағы жедел штаб ақпаратына сілтеме жасап Trend.az агенттігі хабарлады.  

Агенттіктің хабарлауынша, вирус жұқтырған Ресей азаматы Иран-Әзербайжан бағытында мемлекеттік шекараны кесіп өту кезінде одан коронавирустың алғашқы белгілері анықталған, осыған байланысты вирус жұқтырған азамат аурухананың арнайы инфекциялық бөліміне жатқызылды. Жүргізілген сынамалар мен тестердің қорытындысы оның вирусты жұқтырғанын көрсетті.

Агенттік қазіргі уақытта вирус жұқтырған адамның жағдайы тұрақты екенін хабарлады. Әзірбайжан билігі вирустың таралуын және оның салдарын болдырмау үшін тиісті шаралар қабылдап жатыр. Қажетті ақпаратты алу үшін вирус жұқтырған азаматпен байланысқан адамдарды анықтау, оның вирусты қайдан жұқтырғанын,  таралу жолдарын анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Соңғы дерекке сәйкес, әлем бойынша 80 мыңнан астам адамға коронавирус жұққан. Шамамен 2800 адам вирустан көз жұмған. Олардың басым бөлігі - Қытайдың Хубэй провинциясының тұрғындары.

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Коронавирус

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір