• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 14:18:39
Алматы
+35°

11 Наурыз, 2020 Саясат

Апта айқайы: Біртанов Бекшиннің коронавирус туралы даулы болжамына пікір білдірді

Қазақстанның бас санитары Жандарбек Бекшиннің наурыз айының 11-16 аралығында Қазақстанда коронавирус тіркелуі мүмкін деген пікірі әлеуметтік желіде қызу талқыға түсіп, жұрттың сынына да қалған. Осыған орай қоғамда алып-қашпа әңгіме көбейіп барады. Ал ҚР Денсаулық сақтау министрі бұл тек бас санитардың болжамы ғана екенін айтуда.

Фото: toppress.kz

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

«Құрметті достар! Әлем бойынша коронавирус инфекциясы 115 елге таралды. Олардың арасында бізге көршілес мемлекеттер және тікелей әуе қатынастарын орнатқан елдер де бар. Сонымен бірге, бәріміз сыртқы әлемнен толық оқшауланудың мүмкін еместігін түсінеміз. Еліміздің аумағына инфекцияның енуі ықтимал екенін де жоққа шығармаймыз», - деп жазды министр

Біртанов сонымен бірге, ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшиннің коронавирус инфекциясының келуі туралы болжамының ғалымдардың статистикалық модельдеу арқылы жасаған болжамы ғана екенін жеткізді. 

"Бастапқы деректер ретінде әлемнің түрлі елдерінде жолаушылар тасымалы мен коронавирус инфекциясының таралу көлемі алынды. Түрлі сыртқы факторларды ескере отырып, деректердің үнемі өзгеріп отыратындығын атап өткен жөн. Мәселен, беделді Ланцет журналында коронавирустың Қытайдан әлемдік мегаполистерге таралуы туралы ұқсас болжам жасалды», - дейді Елжан Біртанов.

Бұдан бөлек министр ғалымдар ұсынған сценарийдің іске аспауы да мүмкін екенін атап өткен өз жазбасында:

«Тағы да мәлімдеймін, Қазақстанда бүгінгі күнге дейін коронавирустық инфекция расталған жоқ», - деді ол.

Еске сала кетейік, бұған дейін ҚР бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин наурыз айының 11-16 аралығында Қазақстанда коронавирус тіркелуі мүмкін екенін айтқан болатын.

 

Әрі қарай оқыңыз: "Бұлай қалай болжауға болады??? Вирус – құда емес қой"



"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір