• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 16:11:05
Алматы
+35°

Коронавируспен үй карантинінде жатқан адамдарды Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрлігі мына нұсқаулықтарды орындауға шақырды:

  1. Үйден шықпау;
  2. Есігі жабық жеке, жақсы желдетілетін бөлмеде болу. Тек қажетті рәсімдер үшін және қысқа уақытқа ғана бөлмеден шығуға рұқсат етіледі, бұл ретте ауыз бен мұрын маскамен жабылуы тиіс;
  3. Вирустың таралуын болдырмау үшін түшкіргенде немесе жөтелгенде ауыз бен мұрынды бір рет қолданылатын қол орамалымен немесе шынтақты бүгіп жабу. Осыдан кейін қолды сабынмен жуу немесе спирт негізіндегі антисептикалық затпен дезинфекциялау;
  4. Қолды сабынмен жуу немесе тамақ дайындағанға дейін және одан кейін, тамақ алдында және дәретхананы пайдаланғанға дейін және одан кейін спирт негізіндегі антисептикалық затпен дезинфекциялау. Қолды сүрту үшін бір рет қолданылатын сулықтарды пайдаланған дұрыс;
  5. Мүмкіндігінше жеке дәретхананы пайдалану;
  6. Температура немесе респираторлық симптомдар пайда болған кезде және кез-келген медициналық проблема болған кезде карантин туралы хабарлай отырып және жүгіну себебін көрсете отырып, КВИ бойынша колл-орталыққа немесе жедел жәрдемге қоңыру шалу.

Коронавирусқа байланысты ресми ақпаратты веб-сайттан және денсаулық сақтау министрлігінің Facebook-тегі ресми парақшасынан біле аласыздар. Сұрақтар бойынша 1406 нөміріне қоңырау шалыңыз.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір