• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 19:16:18
Алматы
+35°

Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында төтенше жағдайды қамтамасыз ету бойынша 22 наурыз сағат 00:00-ден бастап қалаға кіруге және одан шығуға тыйым салынған «Жасыл дәліз» бекітілген. Арнайы құрылған 27 блок бекетте полиция мен қорғаныс министрлігі қызметкерлері ешкімнің қалаға кірмеуін, қаладан шықпауын қадағалап тұр. Қамшы тілшісі Алматы қаласының шығыс, солтүстік-шығыс бөлігінен шығар жолдарға қойылған блок-бекеттерден фоторепортаж әзірледі.

Бұған дейін Қамшы тілшісі қаланың батыс бөлігі Алтын Орда базары маңындағы блок-бекетте қаладан шыққысы, оған кіргісі келетін азаматтардың көп екенін жазған.

Ал Талғарға баратын тасжолдағы блок-бекеттегі жағдай біршама тыныш.

а

Талғарға баратын трасса бойына қойылған блок-бекет

а

Қаладан шығуға рұхсаты бар азаматтардың құжаттарын тексеріп, жеке деректерін қағазға түсіріп тұрған мамандар

Мұнда қаладан шыққысы келетін де, қалаға кіргісі келетін де адамдар көп емес. Қаладан арнайы рұхсаты бар көліктердің шығуына ғана рұхсат. Рұхсат медициналық және санитарлық-эпидемиологиялық қызмет көрсететін азаматтарға, сондай-ақ жедел іске асыру мен коммуналдық шаруашылықтың, ритуалдық қызметтің, жүктердің кез келген түрлерін жүк және транзиттік тасымалдауларға, жеке куәлік бойынша мамандандырылған инкассаторлық көліктерге ғана берілген.

а

Алматыдан Талғар ауданына қарай бара жатқан Алматынан комбинатының көлігі блок-бекетте тұр

а

Қаладан шыға алмай тұрған тұрғындар

а

Блок-бекетке келіп, кері қайтқалы тұрған автокөлік

Құлжа тасжолына қойылған блок-бекеттегі жағдай да осыған ұқсас.

а

а
Құлжа тас жолындағы блок-бекет

а

Арнайы рұхсаты бар көлік блок-бекеттен өткелі тұр

а

Полиция қызметкерлерінен қаладан шығаруын сұрап тұрған жүргізуші

о

Санитарлық-эпидемиологиялық бекеттің кезекшіліктегі қызметкері

Қала бойынша шығу-кіруге қойылған шектеу қашан алынатыны әзірге белгісіз. Бүгінде 57 Қазақстан азаматынан коронавирус анықталды. Олардың 31-і Нұр-Сұлтан, 23-і Алматы, 2-еуі Қарағанды қаласының, 1-еуі Алматы облысынығ тұрғыны.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір