• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 14:48:53
Алматы
+35°

Алматының полиция департаменті қала маңын аралап, карантиннің шарттарын түсіндіру жұмыстарын жүргізуді қолға алды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz дерегін негізге алып.

Департамент мәліметінше, бұл төтенше жағдай кезіндегі қоғамдық тәртіп сақтауға және халықты ақпараттандыру үшін маңызды. 

"Ірі блокпостарда дауыс күшейткіштер жұмыс істейді. Олардың көмегімен азаматтар жеке қауіпсіздік шараларды, санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтау туралы, жүк көлігінің блокпост арқылы өтуі үшін қажетті құжаттар тізбесі туралы, төтенше жағдай ережелерін бұзғаны үшін және билік өкілдеріне бағынбағаны үшін көзделген жауапкершілік туралы, сондай-ақ азаматтар қалаға сыйақы үшін жол жүруге уәде берген адамдардың заңсыз әрекеттері туралы хабарлай алатын кері байланыс арналары туралы ақпараттандырылады" деп хабарлайды қалалық полиция департаменті. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір