• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 14:43:43
Алматы
+35°

26 наурыз сағат 21.00-де Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі Қарағандыда коронавирус жұқтырған екі адам анықталғанын хабарлады. Бұған дейін де Қарағандыда екі адамнан вирус табылған. 

Соңғы дерек бойынша, елде 13 наурыздан бері 111 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған. Олардың біреуі дертінен айықса, бүгін ғана бір адам коронавирустан қайтыс болды. Індет жұқтырғандардың басым бөлігі Алматы мен Нұр-Сұлтанда тіркелген. 

Коронавирусқа байланысты Қазақстанның барлық аумағында 16 наурыздан 15 сәуірге дейін төтенше жағдай жарияланды. Ал Алматы мен Нұр-Сұлтан 19 наурыздан бастап карантинге жабылған. Бұл қалаларға кіріп-шығуға тыйым салынған. Бүгіннен бастап қала ішінде азық-түлік дүкендері мен дәріханалар ғана жұмыс істеп тұр.  


"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір