• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Наурыз, 18:02:08
Алматы
+35°

Эквадордың батысындағы Гуаякиль қаласының көшелері қаңырап бос қалған. Қалада коронавирустан өлген адамдар көбейіп, мәйіттер далада шашылып жатыр.

CNN пандемия мемлекеттің барлық салаларына ауыр тигенін жазады. Ауруханаларда науқастарды қабылдауға төсек жоқ, мәйіттерді жерлеуге ету зираттар мен мәйт сақтайтын орындар жетіспейді. Оларды қоюға жер қалмағандықтан, кейбір тұрғындар "оларды сыртта қалдырғаннан басқа амал жоқ" дейді.

Елде Covid-19 салдарынан нақты қанша адам өлгені белгісіз. Жергілікті отбасылардың айтуынша, вирус жұқтырғандарды Гуаякилдің ауруханалары емдей алмайды.

"Біз бес күн күттік" деді Фернандо Эспана есімді тұрғын 30 наурызда Reuters агенттігінде берген сұхбатында. "Біз 911 нөміріне қоңырау шалып шаршадық. Олар айтатын жалғыз сөз – күту керек" деп сөзін жалғастырған ол камераны терезе арқылы үйдің ішіне бұрып, үй ішіндегі қара пластикпен оралған мәйтті көрсеткен.

"Мәйттер иістеніп кеткен. Біздің егде жастағы көршілеріміз бар. Менің де 80 жастағы анам бар" дейді Эспананың көршісі Гленда Ларреа Вера сол видеода".

CNN таратқан тағы бір видеода көшеде мотоциклдің қасында құлап жатқан жігітті көрсетілген. Кейін оны арнаулы киім киген қызметкерлердің алып кеткен.

а

Эквадор билігінің ақпаратынша, 3 миллионға жуық тұрғыны бар бұл қаладағы отбасылардан 300 мәйіт шыққан.

Гуаякиль қаласының мэрі Синтия Витери өткен аптада өзінің Twitter-дегі парақшасында Үкіметтен көмек сұраған.

"Елдің денсаулық сақтау жүйесінде не болып жатыр? Ешкім өлгендерді алып кетпейді, мәйттерді тротуарда қалдыруда. Адамдар ауруханалардың алдында құлап жатыр. Ешкім оларды қозғағысы келмейді... Адамдар не үшін өз үйлерінде өліп жатқанының нақты себептерін білуіміз керек" деген ол.

"Бүкіл ауруханаларда орындар жетіспейді, ауруханалар есіктерін жауып, адамдарды сыртта қалдырып жатыр" дейді тағы бір тұрғын.

Ауруханалар жетіспейтіндіктен, кейбір адамдар медициналық көмек күтіп отырып өліп жатыр. Гуаякиль қаласындағы ауруханаға жедел жәрдем арқылы барған мүгедектер арбасын қолданатын бір әйел қайтыс болды. Аты-жөнін айтпауды өтінген аурухана қызметкерінің айтуынша, онда төсектер жоқ, арбада күтіп отырып өлген әйелдің денесі далада төрт сағатқа жуық уақыт тұрған. Оның өлімнің себебі анықталмаған.

Эквадор билігі республикада вирус жұқтырған 3 368 және 145 өлімнің тіркелгенін хабарлады, олардың ішінде 102-сі Гуаяс провинциясында көз жұмған, ал, Гуаякиль қаласы осы провинцияда орналасқан. Алайда, кейбір азаматтар елдегі коронавирустың жағдайы тіпті де ауыр деп есептейді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір