• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 16:23:48
Алматы
+35°

Кеше мегаполисте жаңадан 54, бүгінгі күні 24 жағдай анықталды. Бұл туралы әкімшіліктің баспасөз қызметі хабарлады.

Оның ішінде ​ Орталық қалалық аурухананың карантиндегі 22 медицина қызметкері, №1 қалалық клиникалық аурухананың провизорлық стационарының 2 қызметкері, балалар қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының 10 қызметкері, 4 медициналық жедел жәрдем қызметінің 4 қызметкері және вирус жұқтырған адаммен байланыста болған 40 адам бар.

Жалпы Алматыда коронавирустық инфекция жұқтырудың расталған 756 жағдайы тіркелді. 88 адам қажетті ем шараларын қабылдап, емханадан шығарылған.

Қазіргі уақытта жұқпалы аурулар стационарларында коронавирустық инфекциядан Алматы облысынан әйел адамды – пациентті есепке алғанда, 663 пациент емделуде.

Екі адамның жай-күйі – өте ауыр, 24 адам – ауыр халде, 198 пациент ауырлықтың орташа дәрежесінде және қалған науқастарда – қанағаттанарлық.

Провизорлық орталықтарда 440 адам, оның ішінде 15-і бала, карантиндік оқшаулауда – 421 (5 бала), үй карантинінде – 10 093 азамат бар.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Алматы коронавирус

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір