• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

02 Мамыр, 02:00:33
Алматы
+35°

Дағдарыс ең алдымен шағын бизнесті күйретеді. Осылайша, жұмыссыз қалған немесе тұрақты табысынан айырылғандар саны артады. Егер шұғыл шара қабылданбаса, Қазақстанда жұмыссыздық деңгейі 4,8 проценттен 13,7 процентке бірақ көтерілуі мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24»

Жұмыс орындары мен халықтың табысын сақтап қалудың бірнеше жолы қарастырылмақ. Алдымен, шағын бизнес қызметкерлеріне еңбекақы төлеуді субсидиялау ұсынылды. Ал субсидияға дәмелі жұмыс берушілерге еңбек келісім шарттарын электрондық еңбек биржасы арқылы тіркеу туралы шарт енгізуі мүмкін. Бұдан бөлек, 2020 жылдың соңына дейін жалақысы төмен қызметкерлер үшін міндетті зейнетақы жарналарын мемлекеттен субсидиялау ұсынылды.

Өзбекстандық эмигранттардың 65 % Қазақстанға көшкен

Қазақстан өзбекстандықтар қоныс аударған бес елдің ішінде бірінші орында тұр. Биыл Өзбекстаннан 1906 адам көшіп кеткен. Олардың 65 поценті немесе 1234 адам Қазақстанға келген. Ресми ақпаратқа сай, екінші орында Ресей тұр. Ол жаққа өзбекстандықтардың 29 проценті қоныс аударған. Тізімге Қырғызстан, Израиль және Тәжікстан кірді. Айта кету керек, Израиль Өзбекстанның мемлекеттік статистика комитетінің есептерінде 2018 жылдан бастап тұрақты кездесетін алыс шетелдегі жалғыз мемлекет.

АҚШ компаниялары мұнайды стратегиялық қорда сақтай бастады

АҚШ-тағы жекеменшік компаниялар мұнайды елдің стратегиялық қор қоймаларына сақтай бастады. Сәуірде олар қоймаларға 1,1 миллион баррельге жуық мұнай жеткізген. Осы айда АҚШ-тың энергетика министрлігі жекеменшік компаниялармен келісім жасады. Оған сәйкес, стратегиялық мұнай қорының қоймаларында жылына 23 млн баррель сақтауға рұқсат етілген. Бұл көлемнің басым бөлігі мамыр және маусым айларында жеткізіледі. Өткен аптада АҚШ президенті Дональд Трамп АҚШ мұнай бағасының тарихи құлдырауын пайдаланып, ұлттық стратегиялық қорларды толықтыру үшін 75 млн баррель сатып алатынын мәлімдеді.

Елдегі жаңалықтарға ойыссақ. Қазақстандық компаниялардың жұмыртқа экспорты 57,5%-ке төмендеген. Саладағы өндіріс көлемі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, шамамен 7%-ке азайған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір