• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 15:28:07
Алматы
+35°

Бүгін Алматының Жетісу және Түрксіб аудандарында тұратын 36 Ұлы Отан соғысы ардагеріне сыйлықтар табысталды, деп Аlmaty.tv хабарлайды.

Жергілікті әкімдік мереке күнінде осылайша қариялардың көңілін марқайтуды көздеген. Ал қатары күн санап, азайып бара жатқан батырлардың айтары бір. Бірауыздан әлемде енді соғыс болмасын деп тілейді.

101 жасқа толған Софа Измайлова соғыс жылдары хирург болып жұмыс істеген. Қан майданды көзімен көрген өрімдей қыз ешқашан тайсалмағанын айтады. Басты міндеті ауырған әскерилерді емдеп жазу болған.  Бүгін мейрам күнінде ардагерді мерекемен құттықтап, жергілікті әкімдік өкілдері ел президенті мен қала әкімінің құттықтау хаттарын жеткізді.

– Жетісу ауданында 22 мыңға жуық зейнеткер бар. Оның 16 адам Ұлы Отан соғысы батырлары, 1100-ден аса Тыл ардагерлері, 46 Ұлы Отан ардагерінің жесірі бар, – деді Түрксіб аудандық ардагерлер кеңесінің төрайымы Тамара ШАКИРОВА.

Ізін ала игі іс Түрксіб ауданында жалғасты. Жергілікті әкімдік бүгін 20 қарияны құттықтады. Олардың бірі – 96 жастағы Василий Зинченко. Барлаушы болған ардагердің еңбегін елеп-ескеріп, ұмытпағаны оны қуантты.

– Жыл сайын бұл күнді асыға күтемін. Өйткені арқа-жарқа болып қаламын. Құттықтаушылар саны көбейіп, үйде ерекше көңіл-күй орнайды. Мен үшін Жеңіс күні деген бейбітшілікті білдіреді, – деді Ұлы Отан соғысының ардагері Василий ЗИНЧЕНКО.

Алматыда Ұлы отан соғысының батырларын осылай ұлықтады. Әрине, бұл бір күнмен шектелмейді. Десе де аудан әкімдіктері отан қорғаушылар күні мен ұлы жеңіс мейрамы қарсаңында арнайы ардагерлерге барып қайтуды әдетке айналдырған.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір