• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 14:09:48
Алматы
+35°

Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов Мұнайлы ауданына жұмыс сапарымен барды. Сапар барысында  Батыр және Баянды  ауылдық округіндегі бірқатар нысандарды аралады.

Облыс әкімі алдымен Батыр ауылында  орналасқан «Каспий Агро Компани» ЖШС жұмысымен танысты. «Каспий Агро Компани» ЖШС Қазақстанның батыс аймағында  жылыжай шаруашылықтарын дамыту бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік компаниясы жобаны жүзеге асыру мақсатында 10 наурыз 2009 жылы құрылған.

ваЦВА

Бұл шаруашылық кешенінің аумағы 470 гектар. Оның 19,7 га аумағында 4 жылыжай орналасқан (әр жылыжай 1 га). Мұнда жергілікті тұрғындардың жылыжай, бау-бақша, көкөніс шаруашылығы мен шағын құс фабрикалары  орналасқан. Шаруашылықтардың бір бөлігі түрлі себептерге байланысты тоқтап тұр. Серікбай Трұмов тұралап қалған шаруашылықтардың себебін анықтап, бірінші кезекте шаруашылықтарды сумен қамтамасыз ету мәселесін шешіп фермерлерге көмектесу керектігін  тапсырды. Жобаның мақсаты-тамақ индустриясын дамыту. Аймақ басшысы ауыл шаруашылығы –өте маңызды дамытатын сала екенін айтып, шаруаларды көптеп тартуды атап өтті.

Бұдан кейін аймақ басшысы Батыр ауылында салынып жатқан жол құрылысы және дәрігерлік амбулаторияның жұмысымен танысты. Ауыл ішілік жол салуға тартылған жұмыс күшінің 90 пайызы жергілікті тұрғындар.  С.Трұмов құрылысқа жауапты тұлғаларға сапасы мен мерзімінің уақытылы аяқталуына аса мән беруді тапсырды.

Сондай-ақ, аймақ басшысы Баянды ауылында жөндеу жұмыстары жүріп жатқан №3 орта мектепке барды. Жұмысы қарқынды жүріп жатқан білім ордасы биыл оқу жылының басында тапсырылмақ. Облыс әкімі «Жұмыспен қамту жол картасы» мемлекеттік бағдарламасымен жұмысқа тұрғындарды көптеп тартуды тапсырды. Сондай-ақ, өңір басшысы  Баянды ауылындағы су тұщыту зауытына болды. Бүгінде  су тұщыту зауыты күніне 12-15 мың текше метр су беріп отыр. Ауданға қажет су мөлшері 19-21 мың текше метр. Жаз айларында ауданда су беру мөлшерінің жеткіліксіздігі байқалады.

Баянды ауылындағы қолданыстағы мембраналық су тұщыту қондырғысы 2010 жылы пайдалануға берілген. Тозығы жеткен су тұщыту қондырғысын жаңадан жаңғырту арқылы іске қосуға 50 млн.теңге қажет. Қондырғы іске қосылған жағдайда күніне 100 куб3 ауыз су өндіріп, Баянды ауылын толық ауыз сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік болады. Аймақ басшысы мәселемен толық танысып шешу жолдарын қарастыратынын жеткізді.  

Бұдан кейін өңір басшысы Маңғыстау ауылы өндірістік аймақта салынып жатқан «Жамалбек» ЖШС құрама жем фабрикасына барды. Жоба құны 438,7 млн теңге.  Фабрика іске қосылғанда күніне 5000 кг/тәулік өнім беретін болады. Жем-шөп фабрикасы жоспар бойынша аяғымдағы жылдың  қыркүйек-қазан айларында тапсырылады.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Қазақстан карантин

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір