• USD 412.55
  • EUR 468.66
  • RUB 5.79
  • CNY 58.8

01 Маусым, 2020 NEWS

Елде азық-түлік бағасы қымбаттады

Көрнекі сурет

Мамыр айында елдегі жылдық инфляция 6,7 пайызды құрады. Бұл туралы ҰЭМ Статистика комитеті хабарлады. 

Азық-түлік тауарлары 10,7 пайызға, азық-түлік емес тауарлар – 5,3 пайызға, ақылы қызметтер – 3 пайызға қымбаттады. 

Жыл басынан бері бағаның өсуіне келетін болсақ, инфляция бес айда 3,7% пайызды құрады. Азық-түлік тауарлары бағасы 6,8 пайызға, азық-түлік емес тауарлар – 2,1 пайызға, ақылы қызметтер – 1,2% пайызға өсті.

Жыл басынан бері қарақұмық 14,5 пайызға, жемістер – 18,3 пайызға, картоп – 38,4 пайызға, пияз – 38,3 пайызға, сәбіз – 25,4 пайызға, қант – 11,6 пайызға, қой еті – 8,6 пайызға, сиыр еті – 6,1 пайызға, макарон өнімдері – 7,5 пайызға, сүт – 3,6 пайызға, сары май – 7,5 пайызға қымбаттады. Ал, бес айда жұмыртқа – 0,2 пайызға, қырыққабат – 27,9 пайызға, тары – 1,7 пайызға, күріш –2,6 пайызға арзандады.

Егер бір айдағы инфляцияны қарастыратын болсақ, мамырда өсім 0,5 пайызды құрады. Азық-түлік тауарлары 1,2 пайызға, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 0,4 пайызға қымбаттады, ақылы қызметтер керісінше 0,3 пайызға арзандады.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір