• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

02 Мамыр, 13:23:52
Алматы
+35°

Ұлыбританиядағы нәсілшілдікке қарсы наразылық білдірушілер өзенге тастап жіберген құл саудагерінің мүсінін Бристоль қаласының билігі судан қайта алып шыққан. Бұл туралы Skynews жазды. 

Жергілікті билік мүсінді қауіпсіз жерге орналастырғанын, кейінірек мұражай коллекциясына жіберетінін мәлімдеген. 

АҚШ-тан басталған нәсілшілдікке қарсы наразылықтар бүкіл әлемді шарпуда. Салдарынан Еуропада және Америкада отаршылдық пен құлдыққа қатысы бар бірқатар ескерткіш қиратылған немесе алынып тасталған.

Айта кетейік, бірнеше күн бұрын Ұлыбританиядағы демонстрация кезінде наразы топ 17-ші ғасырдағы құл саудагері Эдвард Колстонның мүсінін Авон өзеніне тастағанын хабарлаған болатынбыз

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Ұлыбритания мүсін

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір