08 Шілде, 2020 NEWS

АҚШ БҰҰ-ға дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан шығатынын ескертті

Фотоколлаж

АҚШ біріккен ұлттар ұйымының бас хатшысы Антониу Гутерришке дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан шығатыны туралы ескерту жасады. Шешім 2021 жылдың 6 маусымында күшіне енеді. Бұл туралы БҰҰ сайты хабарлады.

Ақпаратты БҰҰ бас хатшысының баспасөз хатшысы Стафан Дюжаррик растады. Оның сөзінше, Құрама Штаттар дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына 1948 жылдың 21 маусымынан бері мүше.

Ұйымға кіру мен шығудың белгілі бір талаптары бар. Ұйымнан шығушы елге қойылатын талаптардың бірі шығушы мемлекет мұндай қадамы туралы бір жыл бұрын ескертіп, барлық қаржылай міндеттемелерін өтеуі керек.

БҰҰ бас хатшысы ДДСҰ Қаулысының депозитарийі есебінде, ұйымнан шығу талаптарының орындалуын қадағалайды.

Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымын "коронавирустың өршуіне жол берді", "негізгі міндетін орындамады", "Қытай билігін жақтайды және Бейжіңнің жалған ақпараттарын қолдайды" деп  айыптап, қаржыландыруды тоқтататынын мәлімдеген.

Ал АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Fox News радиосына берген сұхбаты кезінде ДДСҰ-ны басқа ұйыммен ауыстыру мәселесі қаралатынын хабарлаған.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір