08 Шілде, 2020 NEWS
Ашық дереккөз
Қаржы министрінің бірінші орынбасары Берік Шолпанқұлов Қазақстанда коронавируспен күреске бөлінген қаражаттың жалпы көлемін айтты.
– Эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізуге 125 млрд теңге көзделген. Бұл қаражат медицина және басқа қызметкерлерге қосымша ақы төлеуге, 3 инфекциялық аурухана құрылысына және басқа шараларға жұмсалды. 575 млрд теңге қосымша шығыстар – азаматтар мен экономиканы қолдауға және Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыруға, Нұр-Сұлтан қаласындағы үлестік құрылыстың проблемалық нысандарын аяқтауға және басқа да басым міндеттерге бағытталған, – деді Берік Шолпанқұлов.
Сондай-ақ ол коронавирус індетімен күреске Үкімет резервінен 66 млрд 957 млн теңге, оның ішінде Денсаулық сақтау министрлігіне 46 млрд 587 млн теңге бөлінгенін атап өтті.
Айта кетейік бұған дейін коронавируспен күреске 6 трлн теңге бөлінген болатын.
Соңғы ақпарат бойынша, Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар – 51 059, жазылып шыққандар – 16 928, қайтыс болғандар – 264.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір