15 Шілде, 2020 NEWS
Суретте: Илон Маск
Tesla және SpaceX компанияларының бас атқарушы директоры, әлемнің жетініші бай адамы Илон Маск Қытай экономикасы Америка Құрама Штаттарынан кем дегенде екі немесе үш есе асып кететінін мәлімдеді. Бұл туралы Қамшы тілшісі америкалық CNBC телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.
– Сіздерге біртүрлі болып көрінетін нәрсе – Қытай экономикасы АҚШ экономикасынан кемінде екі есе, мүмкін, үш есе асып кетуі мүмкін. Соғыс негізі – экономика... Егер сіз жаңашыл болмасаңыз, сіз жеңілесіз, – деді Илон Маск АҚШ әскери-әуе күштерінің генерал-лейтенанты Джон Томпсонмен болған сұхбатта.
АҚШ пен Қытай экономикасы қазірдің өзінде әлемдегі ең ірі экономика. Nasdaq мәліметі бойынша, АҚШ-тың жалпы ішкі өнімі (ЖІӨ) 21,44 триллион долларды құрайды және әлемдік экономиканың төрттен біріне ие. Ал Қытай ЖІӨ 14,14 триллион долларға тең, әрі Қытай экономикасы ең жылдам дамып келе жатқан триллион долларлық экономика.
Қытай халқы америкалықтардан шамамен төрт есе көп болғандықтан, Маск Бейжіңнің экономикалық тұрғыдан Вашингтоннан асып кетуі мүмкін екенін айтты. АҚШ санағы бойынша, Құрама Штаттарда шамамен 330 миллион адам тұрса, Қытай халқының саны 1,3 миллиард адамнан асады.
– Тек (Қытайдың) жан басына шаққандағы табысы біздікінің жартымсына жетсе, олар АҚШ экономикасынан екі есе асып кетеді, – деді Маск.
Томпсонмен әңгімелесу барысында Маск бәсекеге қабілеттілікті сақтау үшін АҚШ-тағы инновацияның маңызын бірнеше рет атап өтті. Ғарыш саласына келгенде Маск Американың артта қалу қаупі бар екенін айтты.
– Бұл бұрын үлкен қауіп емес болса, қайта қазір қауіп... Егер Құрама Штаттар ғарыштық инновацияны дамытпаса, онда ғарышта екінші орын алатынына менің күмәнім жоқ, – деді тех-миллиардер.
Жақында Илон Маскт қалай әлемнің жетінші бай адамы болғаны жарияланған.
Сонымен бірге, Маск ғарыш компаниясына 37 миллиард доллар инвестиция салып, 30 мамырда SpaceX компаниясы екі ғарышкерді Халықаралық ғарыш станциясына жіберген. Ол күн "Америкалық ғарыштық бағдарламаның жаңа дәуірі басталған күн" деп сипатталған. Өйткені NASA ғарышкерлері АҚШ топырағында 2011 жылдан бері ғарышқа ұшпаған. 2011 жылдан бастап олар ғарышқа Байқоңырдан ұшып келген. Ұшырылым сәтті болғаннан кейін, ғарыш кемесінің Қазақстаннан өткен сәтінің видеосы жарияланған.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір