• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 15:30:22
Алматы
+35°

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, елде өткен тәулікте 1630 адамнан коронавирус табылды. Ведомство олардың  745-інде арудың клиникалық белгілері жоқ екенін хабаралады. 

Осылайша, елде вирус жұқтырғандар саны 73 мыңнан асты. COVID-19 шалдыққандар саны жөнінен Атырау облысы мен Алматы қаласы көш бастап тұр. Аталған екі өңірде де вирус жұқтырғандар саны 9 мыңның үстінде. Елдің өзге өңірлерінде вирус жұқтырғандар саны 9 мыңға жеткен жоқ.

Аймақтар бойына толық статистика төмендегідей: 

Нұр-Сұлтан қаласы - 8619 
Алматы қаласы - 9394 
Шымкент қаласы - 4480 
Ақмола облысы - 2054 
Ақтөбе облысы - 2753 
Алматы облысы - 3679 
Атырау облысы - 9283 
Шығыс Қазақстан облысы - 4250 
Жамбыл облысы - 2957 
Батыс Қазақстан облысы - 4845 
Қарағанды облысы - 7226
Қостанай облысы - 2017 
Қызылорда облысы - 2349 
Маңғыстау облысы - 2348 
Павлодар облысы - 2447
Солтүстік Қазақстан облысы - 2270 
Түркістан облысы - 2497 
 
Денсаулық сақтау министрлігі бүгін таңертең елде коронавирустан жазылып шыққандар 45376-ға жеткенін хабарлады. Бұл көрсеткіш вирус жұқтырғандардың 60 пайызына тең. 
"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: коронавирус

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір