• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 19:25:40
Алматы
+12°

Қазақстанда маусым айында COVID-19-бен күреске тартылған 53 мың медицина қызметкеріне үстемеақы төлеу жүріп жатыр. Республикалық бюджеттен медициналық сақтандыру қорына 35,7 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы ММСҚ-ның хабарламасында айтылған.

Наурыз айынан маусым айына дейін қор қаржылық оператор ретінде медицина қызметкерлерінің жалақысына қосымша 32 млрд теңгеден астам қаржы төледі.

Қор өкілдері ай сайын инфекциямен қауіпті жағдайларда жұмысқа тартылған медицина қызметкерлерінің саны артып келе жатқанын атап өтті.

"Егер наурыз айында 19 мыңнан астам қызметкер үстеме алған болса, мамыр айында олардың саны 40 мың адамға дейін өсті" делінген хабарламада.

Қазақстанда эпидемияға қарсы іс-шараларға қатысатын медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру қарастырылған. Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығымен тәуекел топтары, алушылардың тізімдерін қалыптастыру тәртібі және төлемдер мөлшері анықталған. Тәуекел тобына байланысты медицина қызметкерлеріне қосымша 212 мың теңгеден 850 мың теңгеге дейін төленеді.

Үстемеақы алушылардың тізімдерін жедел штабтар жанынан құрылған өңірлік комиссиялар жасайды. Комиссияға әкім орынбасарлары төрағалық етеді. Олардың құрамына сондай-ақ медициналық сақтандыру қоры филиалдарының қызметкерлері, өңірлік мемлекеттік бас санитар дәрігер, денсаулық сақтау басқармаларының, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері кіреді.

Коронавируспен ауырған медицина қызметкерлеріне төлемдерді өңірлік комиссиялардың шешімі негізінде өңірлердің денсаулық сақтау басқармаларының өтінімдері бойынша еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі төлейді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір