• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 19:29:04
Алматы
+12°

"СК-Фармация" ЖШС басқарма төрағасы Ерхат Есқалиев жаңа қызметте қанша жалақы алатынын айтты. Бұл туралы ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте хабарлады.

– Жалақыма қатысты айтар болсам, менің жалақым 750 мың теңгеден басталады. Бірақ қызметке келгеніме бір ай да болған жоқ. Жақын арада кеңес өтеді. Сол жерде жалақының көлемі белгіленеді, – деді Ерхат Есқалиев.

Ол әкімшілік шығындарға байланысты жұмыс тобын құрғанын атап өттік.

– Қазір есеп-қисапты аяқтап қалдық. Жалдау шығындарын 10 пайызға, жалға алынатын алаңдар көлемін 20 пайызға дейін қысқарту жоспарланып отыр. Жыл соңына дейін "СК-Фармация" шығындарын 200 млн теңгеге дейін төмендету көзделген. Дегенмен, бұл соңғы цифр еместігін атап өткім келеді. Жұмысты жалғастырып жатырмыз. Бізге шығындарды ұлғайтпай жедел қор құру, жеке нарық және гуманитарлық жүк сынды қосымша қызметтер жүктеліп отыр. Біз барынша тиімді жұмыс істеуге тырысамыз, – деді ол.

Ерхат Есқалиев 12 шілде күні "СК-Фармация" ЖШС басқарма төрағасы қызметіне тағайындалған болатын. Бұған дейін аталған қызметті Берік Шәріп атқарып келген.

"СК-Фармация" ЖШС басшысы мәліметіне сәйкес, қызметкерлердің жалақы мөлшерін төмендегідей:

– менеджердің позициясы – 200 000 теңгеден бастап;
– бас менеджердің позициясы – 350 000 теңгеден бастап;
– әкімшілік-басқару персоналының позициясы – 450 000 теңгеден бастап;
– басқарма мүшелерінің, оның ішінде басқарма төрағасының позициясы – 750 000 теңгеден бастап.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір