• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 11:37:05
Алматы
+35°

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жемқорлық жасаған әкімдерге қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады.

– Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – еліміздің стратегиялық дамуындағы негізгі басымдықтардың бірі. Бұл – менің берік ұстанымым және сайлауалды бағдарламада халыққа берген уәдем. Осы жұмыста ешқандай көзбояушылыққа, "бармақ басты, көз қысты" әрекеттерге жол берілмеуге тиіс. Талап қатаң болады. Былтырғы жиында біз нақты іс-қимыл жоспарын айқындадық. Бүгінде бірқатар мақсатты жүзеге асырдық. Қазақстан беделді халықаралық ГРЕКО ұйымына, яғни сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттер тобына мүше болды. Нормативтік актілерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптамадан өткізу институтының жұмысы жаңғырды, – деді мемлекет басшысы.

Тоқаев қол астындағылардың жемқорлық әрекеттері үшін басшыларын қызметінен босату қағидаты енгізілгенін атап өтті.

– Сыбайлас жемқорлық жағдайларының саны әлі де азаймай тұр. Өткен жылмен салыстырғанда жемқорлық әрекеттері үшін жауапқа тартылған адамдардың саны 11 пайызға артқан. Ашығын айтқанда, қазір күнделікті жаңалықтардан түрлі деңгейдегі шенеуніктердің сыбайлас жемқорлыққа байланысты заң бұзушылықтары үшін ұсталып жатқаны туралы оқитын болдық. Шенеуніктердің ішінде екі облыс әкімі де бар. Мұның өзі "өте қауіпті симптом", – деді ол.

2020 жылы 7 айдың қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық жауапқа тартылғандардың саны 912 адамды құрады. Бұл өткен жылдың тура осы кезеңімен салыстырғанда 11 процентке артық. Өткен жылы 820 адам болған.

– Пандемия кезеңінде және мемлекет пен азаматтарымыздың табысы азайған тұста жемқорлықпен күресті одан әрі күшейтуіміз керек. Халықаралық сарапшылардың айтуы бойынша мемлекеттер пандемияның салдарымен күреске мол қаражат жұмсап жатқан кезде қаржыны мақсатқа сай пайдаланбау және жымқыру қаупі арта түседі. Бөлініп жатқан қаражат мұқият әрі тиімді жұмсалуға тиіс. Бұл – әр теңге өзінің мақсатына сай жұмсалуы керек деген сөз. Әсіресе, қазіргі жағдайда еш пайдасы жоқ және қажетсіз іс-шараларға қаражаттың шығындалуына қоғамның қалай қарайтынын көріп отырмыз. Сондықтан, мұндай мәселелерге  болары болып, бояуы сіңгеннен кейін емес, алдын ала мән беру – өте маңызды, – деп президент сөзін түйіндеді.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір