• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

09 Мамыр, 23:28:25
Алматы
+35°

Жазушы және кинодраматург, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Смағұл Елубай алматылықтарды енгізілген жеңілдетулерге қарамастан, санитарлық талаптарды сақтауды жалғастыруға және жақын жандарға қамқор болуға шақырды.

«Алматы қаласы, бүкіл Қазақстан бойынша да жалпы он шақты күннен бері күніне шамаменен індеттің жұғуы кеміп келе жатыр. Бұл жағдай еңсемізді көтеріп, үмітімізге үміт жалғап келе жатыр. Індеттің таралуы құрықталып келе жатыр деген сөз ғой бұл.

Осы бағытта Үкімет, әкімдіктер, дәрігерлер үлкен жұмыс атқарды, ақпарат құралдары арқылы насихат жүргізілді. Індетті біржолға құрықтауға аз уақыт қалды деп ойлаймын. Сондықтанда алматылықтарды осы індетті біржолға жеңуге азғантай уақыт қалғанда босаңсымауға шақырамын. Ең бастысы – босаңсымау керек!» — деген Смағұл Елубай өзге де сақтық шараларын ұстану керектігін, көпшілік жиналатын орындарға бармау керектігін айтты. Бұл шаралар жақын адамдардың өмірін сақтауға мүмкіндік береді.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Алматы Смағұл Елубай

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір