Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан өзін шетелге қару сатушылардың артын жауып отырды делінген әлеуметтік желіде тараған видеоға қатысты пікір білдірді

– Әлеуметтік желілерде менің атыма жала жабылған видео тарап жатыр. Бейнежазбада менің және басқа да бірнеше азаматтың аты айтылып, ұйымдасқан қылмысқа қатысты етіп көрсетеді. Осыған орай, абырой-беделіме нұқсан келтіретін жалған ақпарат беруші – видеодағы тұлғаларды анықтап, тексеріп, олардың жасаған әрекеттері үшін заң алдында қатаң түрде жазалануын сұрап, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, ҚР Ішкі істер министрлігіне шағым түсірдім. Сондай-ақ, осы жалған ақпаратты таратушыларды анықтап, қатаң шара қолдануды сұрадым, – дейді ол.

Бұған дейін  facebook желіде журналист Тоқтар Жақаш шетелге заңсыз қару сатып, ұсталды делінген адамның видеосын жариялаған. 

 

 

Ілмек сөздер: Бекболат Тілеухан

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір