12 Қазан, 2020 NEWS
Фото: almaty.gov.kz
Алматыдағы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен онлайн брифинг барысында қалалық ТЖД зілзалалардың қауіп-қатерін азайту және азаматтық қорғау саласындағы бақылау Басқарма бастығының міндетін атқарушы, азаматтық қорғау подполковнигі Талғат Дүйсебаев жылыту маусымында жекеменшік секторда өртке қарсы қауіпсіздікті бақылау бойынша күшейту шаралары туралы айтты.
2019-2020 жылдар аралығындағы жылу беру кезеңінде Алматы қаласының тұрғын үй секторында барлығы (2019 жылдың қыркүйегінен 2020 жылдың сәуіріне дейінгі есеп бойынша) 260 өрт болды, оның 113-і немесе 43 пайызы жеке секторда болды, 30 адам зардап шекті, оның 23-і жеке тұрғын үйлерде, 7-уі көп қабатты үйлерде орын алды.
Зардап шегуге әкеліп соқтырған жеке тұрғын үйлердегі өрттің шығу себептері:
отқа ұқыпсыз қарау (темекі шегу) - 12 адам;
электр сымдарының қысқа тұйықталуы - 10 адам және бір өртеу;
Талдау мәліметтеріне сүйене отырып, Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті жылу беру кезеңінде өрттен және көміртегі тотығымен улануда адамдардың қайтыс болуы мен жарақаттануын азайту мақсатында кешенді шаралар жүргізіп отырады.
«Ағымдағы жылғы жылыту маусымына дайындық барысында аудандық әкімдіктермен бірлесіп жеке тұрғын үйлердің тізімі түзетілді, 145 мың 471 үй есепке алынып, тіркелді. Тізімдер қайта қаралып, тұрғындардың әлеуметтік осал топтарына жататын 945 үй жеке топқа бөлінді, оның ішінде, 605 үй қатты отынмен жылытылады», - деп атап өтті Т.Дүйсебаев.
Тамыз айынан бастап ЖПҚ, Тұрғын үй саясаты басқармасы, «ҚазТрансГазАймақ» АҚ-ы, аудандық әкімдіктердің әлеуметтік сала бөлімдерімен бірге еріктілерді тарта отырып, 227 рейд жүргізілді, рейд барысында 20 мыңнан астам үйді аралап шықты. Бұл ретте, ең алдымен, тұрғындардың әлеуметтік осал топтарының (көп балалы отбасылар, әлеуметтік жағдайлары аз қамтылған және мобильді емес) үйлер қамтылды.
«Сауалнамалар барысында өрт қауіпсіздігі шаралары туралы 40 мыңнан астам ескертпелер таратылды. Жалпы, әкімдіктердің қолдауымен қатты отын пайдаланатын 1238 жеке тұрғын үй датчиктермен жабдықталған», - деп толықтырды спикер.
Жүргізілген жұмыстардың нәтижесі ретінде тұрғын үй секторындағы өрттер санының 6 пайызға, сондай-ақ пештерді салу және пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуы 33 пайызға, электр желілерін монтаждау және пайдалану ережелерін бұзу салдарынан болатын өрттің саны 17 пайызға, отқа ұқыпсыз қарау 13 пайызға төмендегенін айтып өтуге болады, өртсіз көміртегі тотығымен уланудан зардап шеккендердің саны 25% -ға азайды.
Сонымен бірге, табиғи газбен улану қаупін азайту мақсатында Тұрғын үй саясаты басқармасы мен «ҚазТрансГазАймақ» АҚ- на газ жүйелері мен жабдықтарын тек қана газдың ағып кету датчиктері (газ анализаторы) болған жағдайда ғана пайдалануға беру ұсынылды.
Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындар арасында көміртегі тотығынан улануды болдырмау үшін келесі негізгі ережелерді сақтау қажеттігін ескертеді:
- үйдегі барлық электр сымдарын жарамды күйде ұстаңыз;
- жылу беру кезеңінде, жылыту пештерінің мұржаларын, күйе құбырларын тазартыңыз;
- мұржадағы тартқышты тексеріп, түнде мұржаны жаппаңыз;
- ағаш, зығыр мата және басқа жанғыш заттарды пештерде, түтін мұржаларында және басқа да жылыту құрылғыларында кептіруге жол бермеңіз;
- автономды жылыту және газ құрылғыларын қауіпсіз пайдалану ережелерін сақтаңыз.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір