16 Қазан, 2020 NEWS

Коронавирус: Франция сенбіде комендаттық сағатқа көшпек, Ұлыбританияда шектеу күшейтілді

PA media

Франция сенбіде Парижге және басқа сегіз қалаға түнгі коменданттық сағат енгізбек. Қазіргі сәтте елде Covid-19-дың жаңа жағдайлары күрт көбейіп барады.

Бір күн бұрын тәуліктегі коронавирус жұқтырушылар саны 22 591 болса, бейсенбіде тағы 30 621 инфекция расталды.

Ал Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қатаң шектеулер адам өмірін сақтау үшін "өте қажет" деп ескертті.

Еуропадағы үкіметтер екінші толқынмен күресіп жатқан кезде миллиондаған адамдарға қатаң жаңа шаралар аясында өмір сүру керектігі айтты.

Сенбіден бастап Лондонда жабық үй-жайларда қарым-қатынас жасауға тыйым салынады, өйткені Ұлыбритания астанасы мен Англияның басқа аудандары жоғары ковидтік ескертуге көшеді.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір