Азаматтық қоғам – саяси үкіметке тәуелсіз жұмыс істейтін және оған ықпал жасауға қабілетті әлеуметтік қатынастар мен институттар жиынтығы; дербес жеке адамдар мен әлеуметтік субъектілер қоғамдастығы.

Азаматтық қоғам туралы әр түрлі көзқарастар, әр түрлі бағдарлар бар. Азаматтық қоғам үкімет, билік құрылымдарынан тысқары жатқан әлеуметтік байланысты танытады. Азаматтық қоғам аса дамыған экономикалық, мәдени, саяси, құқықтық қарым-қатынастар болуын талап етеді. 

Қазіргі заман өлшемімен алғанда азаматтық қоғамы ілгерілемеген елдің заман талабына, уақыт сұранысына сай дамуы қиын. Азат күннің алтын қазығы аста-төк қазба байлығы емес, азаматтық қоғам қалыптастыру екенін түсінер кез келді. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та өз Жолдауында «Азаматтық қоғамға қолдау көрсетіп, оның әлеуетін нығайта түсу керек. Сондай-ақ аса маңызды жалпымемлекеттік міндеттерді шешу үшін талқылау жұмыстарына азаматтық қоғамның мүмкіндіктерін кеңінен қолдану қажет», деген болатын. Президенттің бұл сөзінен халық пен атқарушы биліктің ортақ мүдде орайында ықпалдасуының, қоғамдағы белсенділігі жоғары адамдардың заң шеңберінде бірлескен іс-қимылының маңыздылығын ұғамыз. Себебі азаматтық қоғамның белсенді болуы адам капиталын, әлеуметтік-экономикалық дамудың, демократиялық құндылықтардың ел игілігіне айналуының негізгі алғышарттарының бірі.

Азаматтық қоғам ешқашан бірден орнамаған. Біз тоталитарлы қоғамнан на­рық­тық қоғамға өттік. Сол кезде аза­маттық қоғамның дамуына үлес қосатын институттардың жұмысы кенжелеп қалды. Азаматтық қоғамның жандануына үлес қосатын бірден-бір құрылым – үкіметтік емес ұйымдар. Біздің елімізде олар 2000 жылдардан бері қарай қалыптаса бастады.

Барлық функциясын орындап, толық орнады деуге ерте, әлі де уақытты қажет етеді. Жалпы азаматтық қоғам дегеніміз мемлекеттің ішкі мәселелеріне азамат­тардың белсене араласуы. Көптеген шетел­де азаматтық қоғам қалыптасқан, сәтті нәтижелерін де көріп жүрміз. Тіпті ауыл-аймақтың жұмысы да халыққа байланысты.

Осы орайда  ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ мемлекеттік гранты аясында, “Bugin association” қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Шығыс Қазақстан облысында «бір терезе» қағидаты бойынша үкіметтік емес ұйымдарға қолдау көрсетуге арналған азаматтық орталықтарды ұйымдастыру мен дамыту» жобасы жүзеге асуда. Жоба аясында ШҚО үкіметтік емес ұйымдарын дамыту үшін «Азаматтық орталық» ашылды, сенім телефоны байланыста, консультациялық жұмыстар жүргізілуде.

«Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс және Қазақстанның ҮЕҰ туралы мәліметтер базасы», «Үкіметтік емес ұйымдардың жарғылық қызметін тіркеу, жаңарту және кеңейту», «ҮЕҰ көшбасшыларының әлеуетін арттыру;

әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту», «Фандрайзинг. Халықаралық және республикалық гранттар конкурстарына, ҮЕҰ сыйлықтарына, «Атамекен» кіші бағдарламасына қатысу», «ҮЕҰ жұмысына волонтерларды тарту және оқыту» тақырыптарында төтенше жағдай ережесін сақтай отырып семинар, тренингтер ұйымдастырылды.

Бүгінгі таңда ШҚО ҮЕҰ арналған азаматтық орталық 150-ден астам бастамашыл топтар мен ҮЕҰ мүшелеріне кеңес берді.

Азаматтық орталыққа келіп немесе онлайн кеңес алып, азаматтық қоғамның дамуына өз үлесіңізді қосыңыз.

Азаматтық орталық орналасқан мекен-жайы: Семей қаласы, Б.Момышұлы 21. Сенім телефонының нөмері: +7 708 111 41 96

Сенім телефоны

Азаматтық орталық

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір